Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет256/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

трансплантациясының 
негiзгi 
жетiстiктерi. 
Айрықша 
орындар 
ағзаларының трансплантациясы. 
 


 
191 
Сұрақтың 
тарихы. 
Тұрақтамаудың 
иммунологиялық 
табиғатының эксперименталды дәлелдерi 
Иммунологияда қолданатын  т р а н с п л а н т а ц и я  термині бiр 
организмнен  екiншi  организмге  жасушаларды,  тіндердi  және  мүшелердi 
алмастыруды 
білдіреді. 
Көптеген 
түрлi 
трансплантациялардың 
хирургиялық әдiстерi бiздiң дәуiрде жетiлдiрiлген. Ғалымдар мүшелер мен 
тiндердi бiр индивидуумнан екiншi индивидуумға алмастыру сұрақтарына 
хирургиялық технологиялар көмегімен жауаптарды тапқан.  
1902  жылы  Венециялық  хирург  Ullman  көрсетуi  бойынша,  бiр 
жануардан  алып  сондай  ғана  жануарға  бүйрек  алмастырып  салғанда, 
бүйректiң  қызметi  қалпына  келген.  Ал  бүйректi  әр  түрге  жататын 
жануарлар арасында салған кезде, бүйректiң қызметi ұзақ уақытқа жетпей 
(5-14 күн) тоқтатылып, мүшенiң тұрақтамауы белгiленген.  
Жануарлар  арасындағы  тәжірибелiк  трансплантациялау  1920-1930 
жылдарында жалғастырылған, бiрақ әр-бiр талаптану әрекетi сәтсiз болып 
өткен.  Ауыстырып  салған  мүшелер  мен  тiндерде  ауқымды  лейкоциттер 
шоғырлануы анықталған. 
1940  жылдың  басында  чех  ғалымы  П.Медавар,  бiрнеше  байқауы 
бойынша,  ауыстырып  салған  тiндердiң  тұрақтамауы  иммундық  жауап 
себебiнен  өтетiндiгiн  байқаған.  II  дүние  жүзілiк  соғыс  кезiнде,  П.Медавар 
күйген  адамның  денесiндегi  терiсiн  бiр  жерден  екiншi  жерге  салғанда, 
терiнiң  бiтiскенiн  байқаған,  ал  сол  адамға  туыстарынан  салынған  терi 
тұрақтамау  үрдісіне  ұшыраған.  Реципиенттегi  (тiн  қабылдаушы  пациент) 
аға-бауырынан  салынған  терiсi  iстен  шыққан  және  сол  донордың  (тiн 
берушi  пациент)  терiсiн  екiншi  рет  салғанда,  терi  жамауы  тез  арада  және 
жоғары  жылдамдықпен  iстен  шығуы  дәлелденген.  Осы  бақылаулар 
П.Медаварды жануарлармен тәжірибелерге және сол тәжірибелер арқылы, 
келесi  дәлелге  алып  келдi:  реципиенттің  донор  жасушаларына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет