Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет275/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Митоздың  ингибиторлары. Азатиоприн (имуран) – күштi митоздың 
ингибиторы, 
жиi 
тура 
трансплантациялаудың 
алдында 
және 
трансплантациядан 
кейiн 
қолданылады, 
ол 
салынған 
тiннiң 
аллоантигендерiне 
қарсы 
Т-лимфоциттердiң 
бөлiнуiн 
азайтады. 
Азатиоприн  жасушаларға  жасушалық  циклдың  S  фазасында,  инозиндық 
қышқылының  синтезiн  тежейді.  Инозиндық  қышқылы  –  адениндiк  және 
гуаниндiк  қышқылдар  пуриндарының  бастаушысы  болып  келедi. 
Азатиоприн  әсерi  арқылы  Т-лимфоцитердiң  де,  В-лимфоциттердiң  де 


 
202 
бөлiнуi  азайады.  Азатиоприн  қолданған  кезде  аралас  лимфоциттер 
культура  реакциясы  (АЛК),  Т-клеткалық  цитотоксикалық  серпіліс  және 
терiiшiлiк 
сынамалар 
сияқты 
функционалды 
иммундық 
жауап 
айтарлықтай  азайады,  ол  Т-лимфоциттердiң  жалпы  саны  азайғанын 
куәлайды.  
Кейбiр  кезде  басқа  екi  ингибиторларды  да  қолданады  –  олар 
циклофосфамид 
және 
метотрексат 
деп 
аталатын 
препараттар. 
Циклофосфамид – ол ДНК тiзбегiне қондырылып және айқаса-әрекеттесiп, 
ДНК тiзбегiн үзетiн алкилдеушi препарат. Бұл қасиетi әсiресе тез бөлiнетiн 
жасушаларға  қарсы  өте  эффективты,  сондықтан  қолданған  кезде 
циклофосфамид 
сол 
процесс 
арқылы, 
трансплантаттағы 
Т-
лимфоциттерiнiң  бөлiнуiн  блоктайды.  Метотрексат  болса,  фолий 
қышқылының  антагонисты  сияқты  пуриндардың  биосинтезiн  тежеу 
арқылы әсерiн атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет