Лимфоидтық жүйенi жалпылама сәулеге түсiру. Лимфоциттердiң сәулеге аса сезiмталдықты болуынан, реципиенттiң
лимфоциттерiн алыстату үшiн, сәуленi трансплантациялаудың алдында
қолданады. Реципиенттiң лимфоидтық жүйесiн жалпылама сәулеге түсiру
үшiн айырша без, көк бауыр, лимфа түйiндерiн сәуленiң сансыз көп
дозасын 200-3400 Rad-қа дейiн қолданады, трансплантацияны содан кейiн
жүргiзедi. Тiн алмастыруды реципиенттiң иммундық супрессиялы кезiнде
жасайды. Сүйек кемегi сәулеленбегендiктен, лимфоидтық бағаналы
жасушалар бөлiнiп, рециркуляциядағы лимфоциттердi жаңалап тұрады.
Бұл жаңа түзiлген лимфоциттер, салынған тiннiң антигендерiне
төзiмдiлiктеу болады.