Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Табиғи  киллерлер  немесе  NK-жасушалары



Pdf көрінісі
бет28/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   459
Табиғи  киллерлер  немесе  NK-жасушалары.  Осы  жасушалардың 
аталу  себебі,  (ағыл.  natural  killer-табиғи  киллер)  арнайы  иммундық 
жауапқа  тән,  олар  белгiлi  бiр  нысана-жасушалармен  алдын  ала 
жанаспай  және  антигенге  тәуелдi  дифференциялануының  кезеңiн 
өтпей, оны ыдыратады.  
 
Антигенді таныстырушы жасушалар 
Иммундық  жүйенің  маңызды  жасушалары-антигенді  таныстырушы 
жасушалар (АТЖ) болып табылады.  
АТЖ  қызметi  Т-лимфоциттерге  АТЖ  бетiнде  орналасқан  МНС 
гендерiнiң  өнiмдерiмен  байланысқан  антигендердi  өңдеуден  және 
таныстырудан тұрады.  
Адам  ағзасында  осы  жасушаларға,  бірінші  кезекте,  макрофагтар, 
дендриттік  жасушалар  және  В-лимфоциттер,  сондай-ақ  Лангерганс 
жасушалары және терінің кератиноциттері, қан тамырларының эндотелий 


 
26 
жасушалары  жатады.  Макрофагтар,  дендриттік  жасушалар  және  В-
лимфоциттерді  сонымен  қатар,  мамандандырылған  АТЖ  деп  те  атайды, 
себебі,  белсенді және антигентаныстыруында негізгі қызмет атқарады.  
АТЖ-ның  сыртқы  мембранасында  2х10
5
  дейін  МНС  молекулалары 
болады.  Бір  Т-лимфоциттің  белсенденуі  үшін,  антигенмен  кешен  құрған 
осындай 200-300 молекуласы жеткілікті. 
Макрофагтар  –  бұл  мононуклеарлық  фагоциттер  жүйесінің 
жасушалары, олар сүйек кемігінің бағаналы жасушаларынан (эмбрионның 
сарыуыз 
қапшығында 
және 
бауырда) 
түзіледі; 
сүйек 
кемігінде 
монобласттар  сатысы  арқылы  қан  моноциттеріне  дифференцияланады. 
Қан  лейкоциттерінің  шамамен  5%-ын  құрайтын  моноциттер,  қан 
айналымында  шамамен  1  тәуліктей  болып,  кейiн  тіндерге  түсiп,  мөлшері 
моноциттерге қарағанда, 25 есе жоғары болып келетiн, тіндік макрофагтар 
популяциясын  құрайды.  Түзiлген  тiндiк  макрофгтар  АТЖ  қызметiн 
атқарады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет