Құрылымдық жасушалар (микроайналым жасушалары). Құрылымдық жасушаларға коллаген және эластин талшықтарын түзетiн фибробласттар, сондай-ақ эпителий тіндерінің құрамындағы
қан тамырларының эндотелий жасушалары жатады. Бұл жасушалар
лимфоциттердің алғашқы екі тобы мен АТЖ-нің қалыпты қызметі үшін
олардың миграция жолын анықтап, микроқоршаулық ортасын түзеді.
Иммунологиялық үрдістерде құрылымдық жасушалардың маңыздысы, құрылымдық жасушаларының жасушааралық матрикспен
өзара байланысын анықтайтын, сонымен қатар, жасушалар арасындағы
жанасу мен белгiлер алмасуын қамтамасыз ететiн мембраналардың адгезия молекулалары болып табылады.
Осы
молекулалардың
капиллярлар
мен
посткапиллярлық
венулалардың
эндотелий
27
жасушаларының бетінде болуының маңыздылығы, лейкоциттердің қан
ағымынан тіндерге миграциялануын қамтамасыз етедi.