Клиникада мүшелер мен тiндердi трансплантациялау Трансплантация қазіргі кезде әр түрлі дерттердің терминалды
сатысындағы емнің нағыз альтернативті әдісі болып табылады. Мүшелік
трансплантация – осы жүзжылдықта медицинаның бір ғажайыбы болып
отыр. Трансплантация аурудың бүйректік, бауырлық, жүректік және
өкпелік жетіспеушіліктердің ауыр формаларында өмірді ұзартатын ең
маңызды әдістің сипатына ие. Әр-түрлi жасушалар трансплантациясының клиникалық нәтижесi
соңғы 10-15 жылда адам ағзасы мен тiндерi - жаңа иммунды супрессивтi
препараттарды қабылдаудың арқасында жоғарылады. Циклоспорин А,
сонымен
қатар,
HLA-антигендер
іріктеуі
жақсаруымен
және
иммунологиялық мониторинг әдiсiн iске асырылуымен байланысты.
Қазiргi уақытта бүйрек пен мүйiздi қабықты қондыру сәттi iске асуда.
Ал жүрек, өкпе, бауырдың трансплантациясы сирек орындалады, алайда
көп уәделi сәттiлiкпен. Керiсiнше, сүйек миы мен ұйқы безiнiң
трансплантациясының нәтижесi төмен және басқа барлық емдi қолданып
болған сирек жағдайда жасалады.
Еуропалық
трансплантациялық
тiркеудiң
мәлiметi
бойынша,
трансплантация көлемi Еуропа елдерiнде соңғы 10 жылда жыл сайын 10%-
ға өсiп отыр. Осы емдеу әдiсiн қолданатын негiзгi ауруларға лейкоз,
лимфома, басқа қатерлi iсiктер жатады. Олар барлық трансплантацияның
96% құрайды. Донор ретiнде 62% – қандас туысқандар, 7% – басқа
туысқандары, 1% - егiздер және 30% туысқан емес ерiктiлер мен өлi
мүшелер
болады.
Бағаналы
жасуша
көзiне
аллотрансплантация
жағдайында 55% сүйек миы, 45% – перифериялық бағаналы жасушалар
жатады. Соңғы жылдары кiндiк қанынан алынған бағаналы жасушаларды
қондыру басталды.