Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Айрықша орындар ағзаларының трансплантациясы



Pdf көрінісі
бет287/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

 
Айрықша орындар ағзаларының трансплантациясы 
Ағзада  иммунологиялық  ерекше  орындар  бары  белгiлi,  онда  туыс 
емес  аллотрансплантация  болғанда  үйлеспеу  серпiлiсi  айқын  емес  түрiнде 
байқалған.  Оларға  -  көздiң  алдынғы  камерасы,  мөлдiр  қабығы,  жатыр, 
тестикула  және  ми  жатады.  Осы  әр  мүше  кейбiреуiнде  лимфа  тамыры,  ал 
кейбiреуiнде  тiптен  қан  тамыры  болмауымен  өзгешеленедi.  Әдетте 
салынған 
тiннiң 
аллоантигендерi 
реципиенттiң 
лимфоциттерiн 
сезiмталдандырмайды және салынған сон, бiтiсiп кетуi артады, тiптi HLA-
антиген сәйкестiгi болмағанның өзiнде. 
Мөлдiр  қабаттың  айрықша  орналасуы,  оны  трансплантациялауға 
үлкен  жетiстiктерге  жеткiзедi.  Мөлдiр  қабықтың  аллотрансплантациясы 
80%  жағдайда  оң  нәтиже  бередi.  Бұл  салынған  тiндi  салыстырмалы  түрде 
аз  HLA-антиген  бар  және  ол  қан  тамырымен  қамтамасыз  етiлмеген,  яғни 
алмастыру  қан  тамыры  жоқ  аймақта  жасалынғандықтан,  трансплантат 
сезiмталданған  лимфоциттердiң  әсерiнен  қорғанады.  Трансплантаттың 
қызметi  қалпына  бiртiндеп  донор  тiнiн  реципиент  тiнiне  салғаннан  кейiн 
жүзеге асады.  
Ми  -  ол  да  айрықша  жаратылған  құрылымның  бiрi  болып  табылады, 
ондағы орналасқан гематоэнцефалдық тосқауыл миға молекуланың енуiне 
және көптеген молекулалардың шығуына жол бермейдi. Қазiргi кезде адам 
миының  бағаналы  эмбрионалдық  жасушаларын  салу  бәрнеше  Паркинсон 
аурумен сырқаттанған науқастарға жасалынды. 
Осындай  жағдайларда,  иммунологиялық  айрықша  жерде  иммунды 
жауап  қалыптаспайды,  өйткенi  иммунолгиялық  айрықша  мүшелер 
иммунды жүйе жасушаларынан бөлектенiп, әрекетке түспейдi.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет