Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Мүшелер трансплантациясының негiзгi жетiстiктерi



Pdf көрінісі
бет288/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

 
Мүшелер трансплантациясының негiзгi жетiстiктерi 
Клиникалық  иммунологтардың  ғылыми  зерттеуi  бойынша  мүшелердi 
трансплантациялау көп жағдайда оң әсерiн көрсеткен. 1967 жылы бүйректi 
қондыруда  45  %  өмiр  жеңдiгi  сақталған.  1990  жылдың  басында  бұл 
мүшенiң  өмiр  жеңдiгi  90  %-ға  жеткен.  Қазiргi  уақытта  тек  АҚШ-да  жыл 
сайын  10  000-ға  дейiн  жуық  бүйрек  трансплантациясы  жасалады.  Бауыр, 
жүрек,  өкпе  трансплантациясы  да  нәтижелi  болды.  Басқа  да  мүшелердiң 
(ұйқы безi және оның сегменттерi) трансплантациясы жасалған, бiрақ олар 
кең таралған жоқ. 
Қазақстан Республикасында трансплантация және жасанды мүше салу 
бөлiмшесi 
1978 
жылы 
мамыр 
айында 
Сызғанов 
атындағы 
эксперименталды  және  клиникалық  хирургия  ауруханасында  ҚазҰИИ 
тұсында алғашқы рет жұмыс жасай бастады. 


 
210 
1979  жылы  сәуiрде  Қазақстанда  тұнғыш  рет  өлiктен  алынған 
донорлық бүйрек салынған, нәтижесi жақсы аяқтады. Содан кейiн өлiктен 
бүйрек  салу  трансплантациясы  2003  жылға  дейiн  орындалды,  содан  кейiн 
тiрi  туыстан  донордың  бүйрегiн  салуда  жақсы  жетiстiгiн  бердi  (анасынан 
баласына)  және  7  бүйрек  аллотрансплантациясы  жасалды.  Донорлық 
бүйрек салынған науқаста максималды өмiр сүру уақыты 13 жылдан асты.  
1996  жылы  қазан  айында  ҚР  хирургия  ғылыми  орталығында  СНГ-да 
Орта азиаттық аймақта алғаш рет бауыр трансплантациясы жасалды. 1994 
жылы ұйқы безi сегментiн аутотрансплантациясы тәжрибеге (клиникалық) 
енгiзiлдi,  ол  үшiн  жаңа  туған  торай  мен  қоян  көжегенiң  безiнен  алынған 
арас жасуша ксенотрансплантациясы  өткiзiлдi.  
Бұрынғы  союзды  республика  кезiнде  1965  жылдан  берi  Мәскеуде, 
Санкт-Петербургте,  Киевте,  Бакуда  және  өзге  де  қалаларда  бүйректi  салу 
жүйелi  түрде  жүргiзiлiп  келедi.  Жалпы  алғанда  5000-нан  астам  операция 
жасалынып,  максималды  түрде  20  жылдан  аса  өмiр  сүрген  реципиенттер 
бар. 
Жер  жүзiнде  әзiрде  470 000  бүйрек  салынған,  5000  аса  жүрекке 
операция жасалып, салынды (орта өмiр сүруi 15 жылға ұзарған), ал 70 000 
астам  бауыр  ауыстырылған    (өмiрi  10  жылдан  аса  созылған),  4000  адамға 
тарта  ұйқы  безiнiң  аллотрансплантациясы  жасалынған  (максималды  өмiрi 
4 жылға дейiн ұзарған, 1000 өкпе салынған (өмiрi 10 жылға дейiн ұзарған) 
және де аш шектi салу мен мөлдiр қабықты салу өте көп өткiзiлген. 
  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет