Атопияның даму патогенезiнiң негiзiнде Тх2 шамадан тыс көп мөлшерде өндiрілуi жатыр.Бұл құбылыстың себебi толық анықталмаған,
алайда жетiлмеген Т-хелпер (Tx0) жасушалардың антигенді танушы
рецепторлар, тiн үйлесiмдiлiктiң үлкен кешенiнiң нәруыздары мен
аллергеннiңарасындағы әрекеттесу ерекшелiктерi маңызды орын алады.
Атопиялық отбасы мүшелерiне белгiлi антигендермен байланысудан
кейiн Тх2 нақтылану нәтижесiнде IgE түзiлуiмен жауап беру қабiлетi тән,
ал басқа адамдарда ол антигендер Тх1/Тх2 шарттық тепе-теңдiгiнде әдеттi
иммундық жауап тудырады.