Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


цитофилді  иммуноглобулиндердiң,  ең  алдымен  IgE,  шамадан  тыс



Pdf көрінісі
бет298/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

цитофилді  иммуноглобулиндердiң,  ең  алдымен  IgE,  шамадан  тыс 
артық өндiретiн генетикалық қабiлеттi түсiнедi.  
Ағзаға  аллерген  қай  жолмен  түссе  де  атопиялық  аллергиялық 
серпiлiстер дамитыны анықталған. 
Атопияның 
клиникалық 
мысалдарына: 
атопиялық 
(немесе 
жұқпалы  емес  аллергиялық)  бронх  демiкпесi,  есекжем  және  басқа  да 
атопиялық 
дерматиттер, 
Квинке 
iсiнуi, 
поллиноздар, 
атопиялық 
энтериттер, риниттер мен конъюнктивиттер жатады. 
Атопияға 
айқын 
тұқымқуалауға 
бейiмдiлiк 
тән 
екендiгi 
дәлелденген.  Егер  аллергиямен  ата-анасының  екеуi  де  ауырса,  балалары 
50%  жағдайда  аллергиямен  ауруы  мүмкiн,  ал  егер  ата-анасының  тек 


 
214 
бiреуiнде  ғана  болса    мүмкiндiк  шамамен  30%  болатыны  анықталған. 
Отбасылар  мен  егiздердi  тексеру  жұмыстары,  IgE  жалпы  деңгейi  ағзада 
генетикалық  факторлармен  анықталатынын  айқын  көрсетiп  отыр.  IgE-нiң 
түзiлуi  Тх2  және  оның  бөлетiн  цитокиндерiмен  тудыратындығынан,  5-шi 
хромосомада  орналасқан  ИЛ-4,  ИЛ-5,  ИЛ-10  гендер  тобы  (кластер) 
аймағындағы  генетикалық  маркерлерiмен,  IgE  жалпы  деңгейi  және  
атопиямен  ауыратын  науқастардағы  арнайы  IgE  мөлшерiмен  байланыс 
болу керек. Бiрнеше зерттеулерде бұл байланыстың болуы анықталған. 
IgE-нiң  шамадан  тыс  артық  мөлшерi  HLA  жүйесiнiң  белгiлi  бiр 
антигендерiмен  байланысы  бар  екендiгi  анықталды.  Мысалы,  90%-дан 
астам  амброзия  аллергенiне  IgE  деңгейiнiң  көп  түзiлуiмен  жауап 
қайтаратындар  HLA-Dw2  антигендерi  бар  адамдар.  Полиаллергиясы  бар 
науқастарда HLA-В8 және HLA-Dw3 антигенi жиi кездесетiнi көрсетiлген, 
әсiресе  HLA-В8  антигенi  бар  адамдарда  жалпы  және  арнайы  IgE  деңгейi 
жоғары болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет