Тх2 ИЛ-4 және GTF- (ауыстыратын өсу факторы) әсерiнен шырышты қабатта түзiлетiнi белгiлi. ИЛ-4 негiзгi көзi, мес
жасушалары болып табылады, бұл цитокиндi аздаған мөлшерде Тх0
өндіреді. Шырышты қабаттың эпителий жасушалары GTF- өндіреді.
Қалыпты жағдайда Тх2 мөлшерi жалпы шеткi лимфоциттердiң 2-4%
құрайды, ал атопиялық аллергиямен ауыратын науқастарда оның саны 20-
40% дейiн ұлғаяды. Науқастың қанында ИЛ-4 деңгейi жоғарлайды, ал ол
IgМ және IgG (1, 3)-тiң түзiлуiн мес жасушалар мен базофилдерге бiрiншi
кезекте жабысатын IgE және IgG (2, 4)-тiң түзiлуiне ауыстырады. Мұнда атопиялық аллергияның сенсибилизация үрдiсiнiң жасушалық деңгейiнiң түп мәнi жатыр. Бiрақ өзiндiк аллергиялық серпiлiс әлi пайда болмайды. Аллерген сезiмтал ағзаға қайта түскенде ол мес жасушаларға
жабысқан IgЕ-нiң Fab фрагментiмен байланысады. Антиген-антидене
байланысуы кезiнде IgЕ молекуласында құрылымдық қайта құрылу
жүредi, ол әрі қарай Fc-фрагментiне де жайылады (30-шы сурет).