Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет33/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

3. 
Негiзгi 
гистосәйкестiк 
кешендерінің 
гендерi 
(Major 
Histocompatibility Complex – MHC-кешені, немесе адамдағы HLA кешенi - 
Human  Leukocyte  Antigens).  Бұл  гендердің  өнімі  ағзаның  барлық  ядросы 
бар  жасушаларының  бетiнде  орналасқан.  Олар  антигендердi  тануда  және 
иммунологиялық  серпiлiстердiң  қалыптасуында  маңызды  рөл  атқаратын 
гистосәйкестiк  антигендерi  –  гликопротеидтердiң  түзiлiсiн  бақылайды. 
HLA-комплексiнiң  гендерi  кейбiр  цитокиндер  мен  комплемент  жүйесiнiң 
және пропердин жүйесiнiң нәруыздарының түзiлiсiн бақылайды. 
МНС 
нәруыздары 
– 
иммуноглобулиндер 
мен 
Т-жасушалар 
рецепторларынан  басқа,  ағзаның  барлық  нәруыздарының  iшiндегi  алуан 
түрлi нәруыздары. Антиденелер және Т-лимфоциттердiң рецепторлары бiр 
ағза  iшiндегi  лимфоциттердiң  әр  клонында  әртүрлi  болады,  ал  МНС 
нәруыздары әр адамда әртүрлi. МНС нәруыздарының негiзгi үш түр класы 
белгiлi.  Олардың  екеуi  –  I  және  II  класы  антигендердi  тану  үрдiсiне 
қатысады.  
МНС  нәруыздарының  I-шi  клас  молекулары  екi  полипептидтi 
тiзбектен  –  үлкен  -    (ол  мөлшерi  бойынша  IgG-дiң  ауыр  тiзбегiне  сәйкес 
келедi)  және  кiшi  -  -тiзбегiнен  тұрады.  МНС  нәруыздарының  I-шi  клас 


 
28 
молекулары  ағзадағы  барлық  жасушалардың  бетiнде  кездеседi,  тек 
эритроциттердiң бетiнде болмайды. 
МНС  нәруыздарының  II-шi  клас  молекулары  да  екi  полипептидтi 
тiзбектен  (  және  )  тұрады,  бiрақ  екi  тiзбектiң  мөлшерi  бiрдей 
(иммуноглобулиндердiң  жеңiл  тiзбектерiнiң  мөлшерiндей).  Олар  бiрқатар 
жасушалардың  бетiнде  ғана  кездеседi,  ең  алдымен,  В-лимфоциттердiң, 
моноцит-макрофагтардың, 
дендриттiк 
жасушалардың 
және 
мамандандырылған эпителий жасушаларының бетiнде болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет