Гранулематозды серпiлiс жоғары сезiмталдықтың IV түрiнiң
серпiлiстерiнде өте мәндi клиникалық көрiнiсi болып табылады. Әдетте,
бұл серпiлiстер макрофагтарда микроағзалардың және макрофагтар жоя алмаған басқа бөлiктердiң жасушаiшiлiк персистенциясында дамиды. Ошаққа Тх1-ң шоғырлануы нәтижесiнде және олардың бөлетiн -
қоршаған
тiндердiң
жасушаларының
пролиферациясын
сергiтетiн
цитокиндерiнiң әсерiнен эпителийлік-жасушалық гранулема қалыптасады.
Гранулема қалыптасуы цирконий және бериллийге сезiмталдығы
жоғары
болғанда
байқалады.
Цирконий
және
бериллий
әсерлi
гранулемалардағы макрофагтардың цитоплазмасында осы металлдардың
бөлiктерi табылады.
Гранулематозды
қабыну
кезiнде
белсендiрiлген
макрофагтар
цитокиндермен созылмалы ынталану нәтижесiнде өлшемi үлкейiп,
эпителий жасушаларға айналады. Бұл жасушалар қосылып гранулемаға
тән, көп ядролы үлкен жасушаларға айналады.
Гранулеманың ядросы макрофаг пен эпителий жасушаларынан
тұрады, ол лимфоциттер мен фибробласттар аймағымен қоршалады. Кейде
коллагеннiң көп түзiлуiнен айқын фиброз байқалады.