БЖС-тың аллергиялық серпiлiстер диагностикасында терiiшiлiк
сынамадан басқа, күмәндi аллергенмен ЛБТС және ЛМТС сияқты
зертханалық әдiстер қолданылады. Бұл серпiлiстердiң айқындалу дәрежесi
берiлген аллергенге жауап беретiн Тбжс клондар санына сәйкес болады.
Бұл аллергенге сезiмталдықты анықтауда ғана емес, сезiмталдықтың
сандық дәрежесiн есептеуді де мақсат етедi.
ИММУНДЫҚ ТАПШЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР Иммундық тапшылық жағдайларының анықтамасы, клиникалық көрiнiсi және жiктеуi. Бiрiншiлiк иммундық тапшылық жағдайларының жiктеуi. Гуморалдық иммунитет жүйесiнiң зақымдануы басым болатын бiрiнiшiлiк ИТЖ. Жасушалық иммунитет жүйесiнiң зақымдануы басым болатын бiрiншiлiк ИТЖ. Аралас Т- және В-иммундық тапшылықтар. Фагоцитарлық жүйенiң бiрiншiлiк тапшылықтары. Комплемент жүйесiнiң бiрiншiлiк тапшылықтары. Бiрiншiлiк ИТЖ болжам диагностикасы. Екiншiлiк иммундық тапшылық жағдайларының анықтамасы, қалыптасуындағы негiзгi себептерi. Физиологиялық (жасы бойынша)