Туберкулиндiк сынама. Алғаш рет Кох ашқан болатын. Оның
көрсеткешi бойынша, туберкулез микобактериясының өсiндi сүзiндiсiн
терi астына ексе, науқастың температурасы жоғарылап, жалпы ауру
жағдайы дамиды. Екпе жасаған жерде iсiк пен қатаю пайда болады. Терiлiк
туберкулиндiк сынама туберкулез қоздырғышына сезiмталдық көтерiлу
деңгейiн анықтауға көмектеседi.
Сезiмталдығы көтерiлген адамдарға туберкулиндiк терi iшiне
енгiзгенде, салған жерге Тх1 жиналады, олар белсенiп, моноцит-
макрофагтартарды белсендiретiн ортақ цитокиндердi өндiре бастайды.
Тх1 бөлiнген TNF- және TNF- терi тамырының эндотелийiне әсер
етiп, олардағы адгезия молекулаларының (Е-селектин, ICAM-1 және
VCAM-1) күшті әсерленуiн шақырады. Бұл молекулалар лейкоциттердiң
беттерiндегi рецепторлармен байланысып, оларды серпiлiс ошағына
шақырады. Бiрiншi 4 сағат iшiнде мұнда нейтрофилдер жиналады,