Комплемент компоненттерiнiң ақауы (альтернативтiк жолының,
С3, С5-9 және т.б.) - инкапсулалық микроағзалармен (Neisseria
meningitidus, пневмококк, гемофилдiк таяқша) шақырылатын қайталамалы
жайылған жұқпаларға әкеледi. Жиi жүйелi қызыл жегi кездеседi. Фагоцитарлық жүйенiң ақаулары стафилококктар
және
клебсиеллалар шақыратын созылмалы гранулематозды аурулар кезiнде,
терiнiң және паренхиматозды мүшелердiң жұқпалы зақымданулар түрiнде
болатын клиникалық көрiнiс бередi.
ИТЖ клиникалық көрiнiсiне, сонымен қатар гематологиялық
бұзылыстар (лимфоаденопатиялар, лейкоздар) жатады. Оларға асқазан-
iшек жолдарының жергiлiктi иммунитет бұзылыстары нәтижесiнде пайда
болған, АIЖ зақымданулары тән. Жиi ИТЖ аутоиммундық және
аллергиялық аурулардың дамуымен жүредi. Ерекше орынды онкологиялық
аурулар
алады.
Жиi
ИТЖ
бар
науқастарда
гемобластоздар,
лимфопролиферативтi аурулар, Капоши саркомасы кездеседi.