Гуморалдық иммунитет жүйесiнiң зақымдануы басым болатын ИТЖ пиогендiк микроағзалармен, стафилококк, пневмококк, Н. Influenzae,
iшектiк жұқпалармен шақырылған аурудың қайталануы тән. Жасушалық иммунитет жүйесiнiң зақымдануы басым болатын ИТЖ бактериялық жұқпаларға қосымша шартты-патогендiк флорамен,
мысалы,
Candida
саңырауқұлақтарымен,
вирустармен
(герпес,
цитомегаловирус, аденовирустар), пневмоцисталармен, жасушаiшiлiк
бактериялармен (микобактериялар, уреаплазмалар және т.б.) шақырылған
жұқпалы аурулар дамиды. Сонымен қатар, туберкулездiк жұқпаларының
жайылуы, гельминтоздың жиiлiгiнiң жоғарылауы тән.