Болжамы: аурудың ағымы көбiнесе қолайлы.
Жасушалық иммунитет жүйесiнiң зақымдануы басым болатын бiрiншiлiк ИТЖ Т- иммунитет жүйесiнiң «таза» ақауы сирек кездеседi. Көбiнесе егер
де Т-лимфоциттердiң ақауы орын алса, онда В-лимфоциттердiң
дисфункциясы да байқалады, себебi барлық иммундық жауап үрдiстерiнде
жасушаның екi түрi бiр-бiрiмен тығыз байланыста. Қазiргi кезде бiрiншiлiк
ИТЖ Т-жасушалық түрлерiнiң екi таза түрi белгiленген - Ди Джорджи
синдромы және созылмалы шырышты-терiлiк кандидоз. Олар бiрiншiлiк
ИТЖ жалпы санының 5-10%-ын құрайды.