Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет35/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

5. 
Адгезия 
молекулалары 
көптеген 
жасушалардың 
бетiнде 
орналасқан.  Олардың  көмегiмен  антигенді  таныстырушы  жасушалардың, 
В-  және  Т-лимфоциттерiнiң  арасында  жасушааралық  әрекеттесу  деңгейi 
жоғарылайды. 
Адгезия 
молекулаларының 
бiрнеше 
тектесi 
бар: 
интегриндер,  селектиндер,  муциндер  немесе  васкулярлық  адрессиндер, 
апоптоз  шақыратын  молекулалар  супертектесi,  экстрацеллюлярлық 
матрикс  компоненттерi  -  олар  фибриллярлық  нәруыздар  және 
глюкозаминогликандар
.  
6. Лимфоциттердiң антигенді танушы рецепторлары:  
  В-лимфоциттердiң  антигенді  танушы  рецепторлар  қызметiн  олардың 
плазмалық  мембранасында  орналасқан  иммуноглобулин  молекулалары 
атқарады; 
  Т-лимфоциттерде  –  Т-жасушалық  рецепторлар  -  (ТЖР).  ТЖР 
молекулаларының  иммуноглобулиндер  супертектесiне  тән  құрылымы 
бар. Олар бiр-бiрiмен цистеиндiк көпiрмен коваленттi байланысқан, екi 
полипептидтiк  тiзбектен  тұратын  гетеродимер.  Қалыпты  жағдайда, 
пiсiп-жетiлген  Т-жасушаларының  бетiнде        30  000-40  000  ТЖР 
молекулары болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет