Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет365/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Зертханалық  тексеруде:  Т-лимфоциттердiң  саны  қалыпты,  В-
лимфоциттердiң  саны  қалыпты  немесе  төмендегенi  анықталады.  Лимфа 
түйiндер  пунктатында  тек  IgM
+
  және  IgD

жасушалары  анықталады. 
Лимфоциттерде беткейлiк IgG және IgA анықталмайды. Қанда IgM деңгейi 
жоғарлаған, 
IgG 
және 
IgA 
мөлшерi 
күрт 
төмендеген 
(гипогаммаглобулинемия  макроглобулинемиямен).  Нейтропения  және 
тромбоцитопенияның дамуы тән.  
б)  өте  кеш  жаста  басталады,  проградиенттi  ағымы  бар.  Х-
хромосомамен 
тiркеспеген. 
Ер 
және 
қыз 
балаларда 
ауырады, 
тұқымқуалау түрi аутосомды-рецессивтiк.  
Зертханалық тексеруде: гуморалдық және жасушалық иммунитеттiң 
төмендегенiн  (лимфоциттердiң  бласттық  трансформациялаушы  серпiлiсi, 
ЖСБТ-не  терiлiк  сынамасы  төмендеген)  көрсетедi.  IgM  күрт  жоғарылаған 
(10-100  есе  жоғары),  IgA  және  IgG  деңгейлерi  күрт  төмендеген. 
Тромбоцитопения тән.  
Гипер-IgM-мен бiрге жүретiн гипогаммаглобулинемияның, гипер-IgM 
белгiсiнсiз өтетiн гипогаммаглобулинемияға қарағанда, клиникалық ағымы 
өте  қарқынды  болады.  Айырмашылығы  гипер-IgM  кезiнде  пайда  болатын 
нейтропенияға  және  науқастың  полиморфтыядролық  жасушалардың 
жұқпаларға әлсiз жауабына байланысты.  
Науқастардың 
Pneumocystis 
pneumoniae 
немесе 
Candida 
жұқпаларымен  ауыруы  нәтижесiнде  асқынулары  болуы  мүмкiн.  Бұл 
жұқпалардың  пайда  болуы  антидене  тапшылығымен  өтетiн  кейбiр 
жасушалық  иммунитеттiң  жетiспеушiлiгiн  көрсетедi.  Қайсысы  бiрiншiлiк, 
ал қайсысы екiншiлiк екенi белгiсiз.   
Емi: иммуноглобулиндермен орынбасушы терапиясы, антибиотиктер, 
сүйек кемiгiн немесе бағаналы қан жасау жасушаларын ауыстыру.  
Болжамы 
қолайсыз, 
себебi 
көбiсiнде 
сепсис 
дамиды. 
Тромбоцитопения  болуы  мүмкiн,  нәтижесiнде  ауыр  қан  кетулер 
байқалады.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет