3. Гипер-IgE синдромы (Джоб синдромы) Гипериммуноглобулинемия Е синдромы – қан сарысуында IgE
мөлшерiнiң күрт жоғарлауы, сирек кездеседi. Ауру аутосомды- доминанттықтүрi бойынша тұқымқуалайды. Патогенезiнiң негiзiнде ақаудың екi тобы жатыр: нейтрофилдер хемотаксисiнiң бұзылысы және олардың қорыту қабiлетiнiң бұзылысы. Осы науқастарда атопиялық аллергиялық серпiлiстердiң дамуына
әкелетiн, шамадан тыс Тх2 пайда болуы, IgE түзiлiсiн жоғарлатуына,
эозинофилияға әкелетiн, Т-жүйелерiнiң тұқымқуалаушылық ақауы орын
алуы мүмкiн. Бұл науқастарда, сондай-ақ Тх2 көп мөлшерде түзiлуiмен
көрiнетiн, Т-жүйесiнiң тұқымқуалаушылық ақауы да орын алады, ол
атопиялық аллергияның серпiлiстерiн туғызатын IgE күрт жоғарлауына,
эозинофилияға әкеледi.