Хирургиялық кіріспелерге науқас ағзасында иммундық қызметтерді
басатын стресстік реакция дамиды. Сонымен қаттар наркозда қолданылатын
препараттар да иммунодепрессивті әсер шақырады және де операция
жасалған ағзаның қызметтерінің бұзылуы иммунды тапшылыққа әкелуі
мүмкін.
Залалды экологиялық факторлар Химиялық заттар (ксенобиотиктер), олардың саны 4 млрд жуық
(оның ішінен тұрғындар 63 мының күнделікті өмірде пайдаланады),
организмге кіріп, әртүрлі бұзылыстарды шақыруы мүмкін. Оларға: жалпы
токсикалық және жергілікті тітіркендіргіш әсер, эпителий десквамациясы,
бронхоспазмдар,
микроорганизмдердің
механикалық
тосқауылдардаң
өткізгіштіктері жоғарылауы жатады. Олардың көптеген саны иммунды
жүйенің функцияларын басады және екіншілік иммунды тапшылықтың
құрылуына жағдай жасайды.
Әртүрлі химиялық қосылыстардың созылмалы әсері иммунологиялық
толеранттылыққа, антиденелер түзілуінің тежелуіне, бейспецификалық
антижұқпалық
резистенттіліктің
факторларын
басатын,
жасуша
супрессорларының активтелуіне әкеледі.
Көптеген экзогенді химиялық заттар ағзаның өзіндік нәруыздарымен
бірігіп, коньюгацияланған антигендерді түзеді, ал олар аллергиялық және
аутоиммундық аурулардың пайда болуына себепкер болады.
№10-шы кестеде екіншілік ИТЖ түзілуіне себеп болатын химиялық
заттар туралы анықтама берілген.