Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Бiрiншiлiк,  немесе  шынайы  аутоантигендер



Pdf көрінісі
бет49/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   459
Бiрiншiлiк,  немесе  шынайы  аутоантигендер.  Бiрiншiлiк  шынайы 
аутоантигендер  –  ол  эмбриогенез  кезiнде  иммундық  жүйенiң  қалыптасу 
үрдiсiнде  және  де  ересек  ағзада  иммунды  хабарлы  жасушалармен 
жанаспаған,  гистогематикалық  тосқауылдардың  артында  орналасқан 
ағзаның  өзiндiк  қалыпты  тiндерiнiң  антигендерi.  «Тосқауыл  артындағы 
тiндерге»:  ми  тiндерi,  қалқанша  маңы  безi,  аталық  без,  көз  бұршағы 
жатады.  
Мұндай 
анатомиялық 
құрылымдардың 
ерекшелiгi, 
ондағы 
лимфа 
дренажының  болмауымен,  гематотiндiк  (гематоэнцефалдық,  гематоокулярлық, 
гематотестикулярлық)  тосқауыл  мен  аймақтық  сұйықтықта,  иммундық  жүйе 
жасушалары  бөлетiн  цитокиндердiң  шығаруын  тежейтiн  заттардың  болуына 
байланысты. Мысалы, алдыңғы көз камерасын толтыратын сұйықтық құрамында, 
көз  құрылымында  түзiлетiн  және  Т-лимфоциттердiң  қорғаныс  қызметiн  атқаруға 
кедергi жасайтын биологиялық белсендi заттар болады. Көздiң торлы қабығының 
субжасушалық  құрылымында  арнайы  компоненттер  бар,  олар  Т-лимфоциттермен 
әрекеттескенде  бағдарланған  жасушаның  жойылу  (апоптоз)  механизмдерiн 
тудырады. Бұл үрдiстер жиынтығы иммунитеттiң тежелуiн қамтамасыз етедi және 


 
36 
көздi  иммундық  жүйенiң  зақымдану  әсерiнен  сақтайды.  Гистогематикалық 
тосқауылға әртүрлi зақымдаушы әсер еткенде антигендер «жалаңаштанады» және 
иммундық серпiлiстер шақырады.  
Гистогематикалық  тосқауылдың  бүтiндiгi  бұзылғанда  (мысалы, 
жұқпалы  аурулар,  жарақаттану  нәтижесiнде)  бiрiншiлiк  аутоантигенге 
қарсы  аутоиммундық  үрдiстердi  шақыратын,  иммундық  жауап  пайда 
болады.  
Аутоантигендер  ретiнде  гистогематикалық  тосқауылдың  артында 
орналаспаған 
және 
де 
өзгерiлмеген 
ағзаның 
өзiндiк 
химиялық 
құрылымдары  бола  алады.  Осы  антигенге  табиғи  иммунологиялық 
төзiмдiлiк  бұзылғанда,  мысалы,  лимфоциттердiң  «тыйым  салынған 
клоны»,  сонымен  қатар,  супрессорлық  механизмi  бұзылғанда  пайда 
болады.  Нәтижесiнде  арнайы  иммунологиялық  серпiлiстер  басталып, 
ағзаның  өзiндiк  мүшелерi  мен  тiндерi  зақымданады,  себебi  олардың 
құрамында осы аутоантиген болады.     


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет