Сонымен қатар кортикостероидтарды, иммунодепрессанттарды немесе радиотерапияны қабылдап жүрген науқастарға, сондай-ақ лимфома немесе лейкозбен ауыратын науқастарға тiрi вакциналарды енгiзуге болмайды. Осы категорияға жүктi әйелдер де кiредi.
Кез-келген жедел жұқпадан кейiн адамда, әсiресе кiшкентай балаларда
транзиторлы иммундық жетiспеушiлiк дамитынын есте сақтау керек. Оның
ұзақтығы орта есеппен бiр айға созылады. Сол себептен, бұрын ССРО-ның
Денсаулық сақтау министрлiгiнiң бұйрығы бойынша кез-келген жедел
жұқпалы аурумен ауырған балаларға бiр ай көлемiнде вакцинация жүргiзуге
рұқсат берiлмейтiн.