коррекциялаудеп атайды.
Аталған
вакциналардың
көмегiмен
қажеттi
уақытта
(мысалы,
эпидемиялық қауiптi жағдайлар кезiнде), әрі қысқа мерзiм арасында
антиденелердiң жоғары титрiн алуға болады, бiрақ вакцинация әсерi
шектелген. Себебi катаболизм нәтижесiнде антиденелердiң концентрациясы
қорғаушы деңгейден төмен түсiп кетеді, яғни, шамамен вакцинация әсері
бiрнешi ай ғана болуы мүмкін. Әдетте, осындай вакцинация кезiнде зерде
жасушалары қалыптаспайды.
Мұндай түрдегi вакциналардың басты айырмашылығы келесiде: егер
ағза өзiнiң генетикалық ерекшелiгiне байланысты белгілі бір қоздырғышқа,
антигенге немесе антигендi детерминанттарға айқын иммундық жауап
дамыта алмаса, онда құрамына керектi антигендi детерминант пен
фенотиптiк коррекциямен қамтамасыз ететiн ынталандырушы (адъювантты)
құрылым кiретiн жасанды макроглобулиндi кешендерді енгiзедi. Ол
генотиптiк жауап бермеушiлiктi тиімді түрде жояды.