асқынудың даму қатерi, сол аурудан дамитын асқынудан төмен болуы керек. Егер вакцинациядан кейiн болатын асқынудың жиiлiгi жоғары болса,
онда көпшiлiк вакцинациядан бас тартады. Бұл жағдайда жұқпалы ауру
ошағында пассивтi иммунопрофилактика шараларын жүргiзу өте тиiмдi
болуы мүмкін.
Иммундық жүйесiнiң жетiспеушiлiктерi бар адамдарда вакцинация күрделi асқынуларды шақыруы мүмкiн екендiгiн ұмытпаған дұрыс. Әсiресе
тiрi вакцинаны енгiзбес бұрын иммундық патологиялық жағдайлары бар
балаларды анықтау өте маңызды. Себебi жасушалық жүйенiң жетiспеушiлiгi
бар балалар БЦЖ-дан кейiн ауырып қалуы немесе өлiп кетуi мүмкiн.