Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Балалардағы иммунологиялық көрсеткіштердің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет455/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   459
 
Балалардағы иммунологиялық көрсеткіштердің ерекшеліктері 
Өмірдiң  алғашқы  жылдарында  нәрестенiң  иммундық  жүйенiң  жағдайы 
жоғары  қозғалғыштықпен  сипатталады.  Бала  туылған  кезде  қанында 
физиологиялық лейкоцитоз - 12-15х10
9
/л байқалады. Кейін лейкоциттер саны 
төмендейді, 
лимфоциттердің 
пайыздық 
құрамы 
көбейеді 
(барлық 
жасушалардың  көбісі  лимфоциттердің  35%-і  құрайды),  түйiршiктердiң  саны 
төмендейді.  Жасушалардың  динамикасын  көрсететiн  қисық  арасындағы 
бірінші қиылысу өмірдің 5-ші тәулігінде болады, екінші қиылысу – 4-5 жаста 
лимфоциттердің  меншiктi  салмағының  төмендеуі  және  нейтрофилдердің 
көбеюі болады.  
Дені  сау  баланың  өзіне  тән  иммундық  жағдайы  болады.  Кіші  жастағы 
балаларда  қандағы  лимфоциттердің  абсолюттік  және  салыстырмалы  саны 
ересек  адамдарға  қарағанда,  екі  есе  жоғары.  Осындай  лимфоциттердің 
салыстырмалы  санының  пайызы  лейкоциттердiң  жалпы  санынан  63-69% 
құрайды.  Ал  абсолюттік  1,75-3,09х10
9
/л  тең.  12-14  жастағы  балаларда 
лимфоциттер  саны  ересектер  санына  жуықтайды  және  әрi  қарай  шамалы 
өзгереді. 
Жалпы  лимфоциттер  санының  жартысын  Т-жасушалар  құрайды,  Т-
лимфоциттер  (CD3
+
)  саны  салыстырмалы  мөлшері  42-68%-ға,  нәрестелердің 
кіндік  қанында  1,5  есе  төмендеген,  бірақ  бірінші  айыдың  соңында  Т-
лимфоциттердің  саны  көбейеді.  Жоғары  лейкоцитозды  ескере  отырып,  Т-
лимфоциттердiң абсолюттік мөлшерi өзгермейді.  


 
Барлық  Т-лимфоциттердің  60%-ы  хелперлiк  қызметi  бар  жасушалар 
құрайды  және  15%-ын  Т-киллер/супрессорлар  құрайды.  Алты  жасқа  дейінгі 
балаларда жалпы лимфоциттер санынан Т-хелпер (СD4+) 30-40%-ын және Т-
киллер/супрессор  (СD8+)  25-32%-ын  құрайды,  ал  абсолюттік  көрсеткішi 
(1,02-1,84х10
9
/л  және  0,81-1,52х10
9
/л)  тең.  12-14  жаста  бұл  көрсеткіш 
ересектер көрсеткiшiне сәйкес келеді.  
Өмiрдiң 
алғашқы 
жылдарында 
В-лимфоциттердiң 
(CD20
+
)  
салыстырмалы  саны  қанда  бiршама  төмендеген  21-28%,  ал  абсолюттiк 
мөлшерi едәуiр жоғары (0,74-1,33), ересектерге қарағанда.         
Жаңа  туған  нәрестелерде  анасынан  алынған  IgG  арқасында  пассивтi 
иммунитет басым болады, бiрақ өмiрдiң бiрiншi айларында антиденелердi өзi 
түзе  бастайды.  Өмiрдiң  алғашқы  жылдарында  баланың  қанында  IgM,  IgG 
иммуноглобулин  кластарының  мөлшерi  жоғарылайды,  кейiн  мөлшерi 
бiршама ғана өзгередi. Жаңа туған баланың кiндiк қанында IgM және IgG, ал 
IgА және IgЕ сирек анықталады. 
Нәрестенің  қан  сарысуындағы  IgM  мөлшері  ересек  адамдардың 
деңгейiнен 10%-ын (0,43 г/л) құрайды.  1-3-шi айдан кейін 60-65%  - ке дейін 
көбейеді,  ал  1-2  жаста  ересек  адамның  деңгейіне  (1,08-1,2  г/л)  жетеді.  Бірақ 
бұл  жаста  оның  маңызды  тербелістері  болуы  мүмкін.  6-9  жастағы  денi  сау 
балалардың  көбісінде  жалпы  IgM  деңгейi  тұрақтанып,  ересек  адамдардың 
деңгейiне жетедi.  
Нәрестенің  қан  сарысуындағы  IgG  мөлшері  ересек  адамдардың 
мөлшерiне  сәйкес,  бірақ  1-2  айдан  кейін  бастапқы  деңгейiнен  30-40%  дейін 
азаяды (5,0-7,5г/л). Содан соң ол біртіндеп көбейеді, 6-шы айында 45%, 8-10 
айында  62%,  6  жаста  90%  (10,8-11,0г/л),  тек  9-12  жаста  ғана  ересек 
адамдардың  деңгейiне  (5,4-16,1  г/л)  жетеді.  IgG  деңгейiнiң  қалыптыдан 
ауытқуы  иммундық  жүйенің  жағдайын  көрсетеді  және  қауіпті  аурудың 
себепшісі болуы мүмкін. 
Нәрестенің  қанындағы  сарысулық  IgA  өмiрдiң  алғашқы  айларында 
болмайды.  Біртіндеп  оның  мөлшерi  көбейеді,  ол  өмiрдiң  бiрiншi  жылының 
аяғында  ересек  кезiндегi  осы  нәруыз  деңгейiнiң  1%  (0,06г/л)  құрайды.  1-3 
айында  ол  әдетте  14  %  құрайды;  4-5  айында  -  28%  ,  8-24  айында  -  40%,  6 
жаста 65% (1,16-1,25г/л) ; 9 жаста - 75% (1,45-1,56г/л) ; 12-13 жаста 90-100% 
(0,9-4,5г/л) ересек адамның деңгейінен ( 15-45 жас).  
Секреторлық  IgA  және  SC  секреторлық  фрагменті  жаңа  туған 
нәрестелерде  болмайды,  ол  тек  нәрестенің  сөлінде  өмірінің  алғашқы  3-ші 
айында  анықталады.  Сондықтан  балаларда  жергілікті  иммунитеттің 
жеткіліксізідігі  кездеседі.  Бірақ  нәресте  секреторлық  IgA  ана  сүті  арқылы 
алады, ол көптеген микроағзалардан шырыты қабатын қорғау үшін жергілікті 
иммунитетті  туғызады.  Жергiлiктi  иммунитеттiң  толық  қалыптасуы  10-12 
жасында аяқталады.  
 
Бір  жасқа  дейінгі  балалардың  қан  сарысуындағы  IgE  қалыпты 
мөлшерінің жиынтығы 3,5-4,0 МЕ/мл аспайды.  
Балаларда  иммундық  жүйесінің  қалыптасуы  кезінде  критикалық  ауысу 
кезеңдері болады.    


 
Құрсақішілік  критикалық  кезең  жүктіліктің  8-12  аптасы  болып 
табылады.  Бұл  кезде  иммундық  жүйе  мүшелерінің  және  жасушаларының 
дифференциялануы болады.  
Бірінші  критикалық  кезең  -нәрестенің  туғаннан  кейінгі    алғашқы 
күндері. Бұл кезде нәресте ағзасы көптеген антигендермен кездеседі, Т- және 
В-лимфоциттердің  функционалдық  дисбалансы  байқалады  және  тек  IgM 
түзіледі.  Фагоциттердің  функционалдық  белсенділік  күшінің  әлсіз  болуы 
нәтижесінде  антигендердің  процессингі  төмендейді.  Бұл  кезеңге  ағзаның 
шартты-патогенді 
грамтеріс 
флораларына, 
герпес 
вирустарына, 
цитомегаловирустарға 
резистенттілігінің 
төмендеуі 
байқалады 
және 
жайылмалы қабыну үрдістеріне (сепсистік жағдайлар) бейім болады. 
Екінші критикалық кезең – нәресте өмірінің 3-6 айларына сәйкес келеді. 
Бұл  кезеңде  анасынан  берілген  антиденелердің  ыдырауы  нәтижесінде 
пассивтік гуморалдық иммунитеттің нашарлауы. Көптеген антигендерге IgM 
басым түзілуімен біріншілік иммундық жауап дамиды. Иммундық жауаптың 
бұл түрі тұрақты иммунитетті тудырмайды. Балалар парагрипп вирустарына, 
аденовирустарға  (пневмония,  бронхиолиттерге)  сезімтал  болып  келеді.    Бұл 
кезеңде тұқымқуалаушылық иммундық тапшылықтар кездеседі.  
Үшінші  критикалық  кезең  –  нәресте  өмірінің  екінші  жылында 
байқалады.  Көптеген  антигендерге  IgM  түзілісі  IgG  түзілуіне  ауысады.  Бұл 
кезде    IgG1  және  IgG3  топшаларын  түзетін  В-лимфоциттердің  клондары 
дифференцияланады.  Осы  кезеңге  иммундық  кешен  және  аутоиммундық 
аурулардың  дамуы  тән.  Балалар  қайталама  вирустық  және  микробтық-
қабыну ауруларына бейім болады. 
Төртінші кезең - өмірдің 4-6-шы жылдары. Бұл кезде қанның формалық 
элементтерінің екінші реттік қиылысуы болады. IgM және IgG деңгейі ересек 
адамдардың көрсеткіштеріне сәйкес келеді. Бірақ сарысулық IgA деңгейі әлі 
төмен,  ал  қандағы  IgE  деңгейі  өте  жоғары  болады.  Осы  жаста  балаларда 
атопиялық,  паразитарлық  және  иммундық  кешен  аурулары  жиі  кездеседі. 
Көптеген созылмалы аурулар дамиды.  
Бесінші  критикалық  кезең  –  жасөсіпірімдік  кезең.  Бұл  кезеңде  жыныс 
гормондарының 
өнідірілуінің 
жоғарылауы 
жасушалық 
иммунитеттің 
тежелуіне  әкеледі,  нәтижесінде  созылмалы  қабыну,  аутоиммундық  және 
вирустық аурулардың өршуіне әкеледі.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет