Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет454/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

 Шелли  әдiсi  (тiкелей  және  тiкелей  емес)  мес  жасушаларына, 
базофилдерге  бекiтiлген  және  олардың  дегрануляциясын  шақыратын 
аллергенге арнайы IgE анықтау үшiн қолданады.  
Тiкелей  емес  әдiстiң  қағидасы  науқастың  қан  сарысуы  және  арнайы 
аллергендердiң 
байланысуы 
нәтижесiнде 
мес 
жасушалары 
мен 
базофилдердің  морфологиялық  өзгерiстерiнiң  зерттеуiне  негiзделген.  Басқа 
жасушалардан  айыру  үшін  бейтарап  қызыл  бояу  базофил  түйіршіктерін 
өзгеше 
қоңыр-қызыл 
түске 
бояйды. 
Микроскопта 
бұл 
серпiлiстiң 
иммерсиялық  жүйесi  арқылы  көруге  болады.  Өзгермеген  базофилдер 
дөңгелек  пiшiндi,  боялған  түйiршiктер  жасуша  ішінде  орналасады.  Оң 
серпiлiсi 
жасушалардың 
деформациясымен, 
жалғанаяқтардың 
пайда 
болуымен,  түйіршіктердің  күштi  қозғалғыштығымен  және  сирек  жағдайда  – 
түйiршiктердiң  жасушаны  жарып  шығуымен  көрiнедi.  Сынақ  және  бақылау 
перпараттарында  40  жуық  базофилдер  бар,  одан  морфологиясы  өзгерген 
жасушалардың пайызын есептейдi. 
Тiкелей  сынама  аллергиялық  ауруы  бар  науқастардың  шеткi  қанында 
арнайы 
аллергендермен 
байланысқан 
базофилдердiң 
морфологиялық 
өзгерiстерiнiң  зерттеуiне  негiзделген.  Серпiлiс  тiкелей  емес  әдiсi  сияқты 
бағаланады. 
В.А.Фрадкин бойынша (1985) нейтрофилдердiң зақымдану көрсеткіші – 
НЗК  сынамасы  кеңiнен  қолданады.  НЗК  әр  түрлі  ауруларда  қолданылады: 
көптеген жұқпалы, аутоиммундық, аллергияның I және IV түрлерiнде. 
Берілген  сынама  нейтрофилдерге  жабысқан  немесе  айналымдағы 
циркулирленген  антиденелерді  немесе  иммунды  кешендердi  анықтайды, 
бірақ  аллергиялық  жағдайларды  емес:  нейтрофилдердiң  бетiнде  IgG  Fc-


 
фрагментіне  және  С3  арналған  рецепторлардың  болуына,  антиген  мен 
антидененің  жабысуына  және  комплементтiң  бекітілуіне  байланысты 
иммундық  кешендердiң  фагоцитоздайтын  нейтрофилдердiң  белсенденуi 
болады.  Соған  байланысты  НЗК  жоғары  көрсеткiштерi  иммунды  кешен 
ауруларында - жоғары сезiмталдықтың III түрiнде байқалады.  
     НЗК  сынамасын  жүргiзу  сынамасы.  Әр  лункаға  зауытта  дайындалған 
белгiлi  аллерген  көлемiн  енгiзедi  (1:100  қоспасында),  бiр  лунка  бақылау 
ретiнде қолданады (физиологиялық ерiтiндi). Зерттелетiн науқастың әр түрлi 
аллергендердi  лейкоцитарлы  концентратпен  жүктейдi.  Плашканы  лункамен 
термостатқа  орналастырады.  Инкубациядан  кейiн  әр  лункаға  1  тамшыдан 
0,1%  акридин  қызғылт  сары  ерiтiндiсiн  қосады.  Әр  лунканың  құрамын 
майсыз  заттық  әйнекке  ауыстырып,  оларды  кезектесiп  белгiлейдi. 
Герметикалық  (саңылаусыз)  ылғдыал  камерада  жабынды  әйнекпен  жауып, 
дайындалған 
микропрепараттарды 
мұздатқышқа 
16-18 
сағатқа 
орналастырады.  Тiкелей  емес  иммунды  флуоресценттiк  әдiспен  қараңғы 
алаңда  жасушалардың  есебi  жүргiзiледi:  зақымдалған  нейтрофилдер  санын 
және  зақымдану  дәрежесiн  есептейдi,  ол  өзгермеген  жасушалар  санына 
пайыздық  арақатынаспен  көрiнедi.  бақылауда  жасушалардың  зақымдану 
дәрежесi  (физ.  ерiтiндiмен)  жоғары  (16  %  және  одан  жоғары)  болған 
жағдайда,  нейтрофилдер  мембранасының  арнайы  емес  тұрақсыздығы  орын 
алады,  ол  емнiң  тактикасына  мiндеттi  түрде  әсер  етедi.  Талдаудың 
интерпретациясын, көбiнесе дәрiгер-аллергологтар жүргiзедi.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет