Патологиялық, немесе екiншiлiк, аутоантигендер.Ағзаның өзiндiк
жасушалар компоненттерi мен тiндерi, әртүрлi зақымдаушы факторлар
және жұқпалы агенттердiң әсер ету нәтижесiнде, аутоантигендерге
айналады. Оларға, мысалы, күйiктiк, үсiктiк, сәулелiк антигендер жатады.
Жылулық немесе химиялық денатурация кезiнде пішіні өзгерген өзiндiк
нәруыздар ағзаға бөтентектi нәруыздар болып табылады. Екiншiлiк
аутоантигендер бактериалдық уыттар және вирусты нейраминидаза,
сонымен қатар, қабыну аймағында рН ортасының өзгеруi және әртүрлi
этиологиясы
бар
некроздар
кезiнде
нәруыздық
молекулалардың
денатурациясы
нәтижесiнде
түзiледi.
Екiншiлiк
(патологиялық)
аутоантигендерге қарсы ағзадан шығаруға бағытталған иммундық жауап
жүредi, патологиялық үрдiстiң басылуына және де зақымдалған тiндердiң
қалыптасуына себебiн тигiзедi. Бiрақ та, көптеген себептерге байланысты,
әсiресе табиғи төзiмдiлiктiң бұзылуына әкелетiн иммундық жүйенiң
қызметі бұзылған кезiнде екiншiлiк аутоантигендер, аутоиммундық
ауруларды шақырады. Бұл жағдайдың мысалы ретiнде инфаркттан кейiнгi
миокардтты айтуға болады.
Адамның иммунды патологиясында маңызды рөл атқаратындар айқаса әрекеттесетiн және кешендiк антигендер.