Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Айқаса  әрекеттесетiн  антигендер  немесе  гетероантигендер



Pdf көрінісі
бет51/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Айқаса  әрекеттесетiн  антигендер  немесе  гетероантигендер  -  әр-
түрлi  түрлерге  жататын,  бiрақ  құрылымы  бойынша  жақын  антигендi 
детерминанттардан  тұратын  антигендер.  Мұндай  антигеннiң  мысалы 
ретiнде  1911  жылы  ашылған  Форссман  антигенiн  айтуға  болады.  Бұл 
антиген  қойдың  эритроциттерiнде,  сальмонеллаларда  және  теңiз 
доңыздарының  ұлпаларында  болады.  Бактериялар  мен  вирустардың 
антигендiк мимикрия құбылысы олардың иесiнiң антигенiне ұқсас антиген 
вирустары 
мен 
микроағзалардың 
кейбiр 
түрлерiнде 
болуымен 
түсiндiрiледi.  Паразиттер  үшiн  мұндай  антигендер  қорғанысты  мәнi  бар, 
өйткенi олар иесiнiң иммундық жүйесiмен танылмайды және онда арнайы 
қорғаныс  серпiлiсiн  шақырмайды.  Ал  иесi  үшiн  мұндай  антигендер 
аутоиммундық аурудың себебi болуы мүмкiн.  


 
37 
Осылайша,  гемолизистiк  стрептококктар  құрамында  адам  ағзасының 
кейбiр тiндерiнiң – миокард, синовиалдық қабықтың антигендерiмен ортақ 
айқаса  әрекеттесетiн  антигендер  (М-протеин)  болады.  Стрептококктiк 
жұқпалар  кезiнде  миокардтың  тiндiк  элементтерiмен,  синовиалдық 
сүйықтық  және  шемiршек  гликопротеиндерiмен  айқаса  әрекеттесетiн 
микробтық  полиқанттарға  антиденелер  түзiледi.  Өз  кезегiнде  ол 
ревматизмнiң дамуына алып келедi. Бiрқатар стрептококк штаммдарының 
мембраналарында бүйрек шумақтарының базалды мембраналарына жақын 
немесе  ұқсас  айқаса  әрекеттесетiн  антигендер  болады.  Стрептококктың 
ондай  штаммдары  аутоиммундық  гломерулонефрит  шақыруы  мүмкiн. 
Мерез  қоздырғышында  адам  мен  жануарлардың  жүрегiнде  кездесетiн 
фосфолипидтер құрылысына ұқсас фосфолипидтер бар.  
Сондықтан 
да 
жануарлардың 
жүрегiндегi 
кардиолипидтiк 
антигендердi  ауру  адамдарда  спирохетаға  қарсы  антидененi  табу  үшiн 
қолданылады (Вассерман серпілісі). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет