Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет68/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

В
2
-лимфоциттер    бұл  популяция  жағынан  көп,  иммунды  хабарлы 
жетілген  жасушалардан  тұратын  популяциясы.  В
2
-лимфоциттер  бетінде  
(дифференциялаушы)  иммуноглобулин  D-рецепторы  пайда  болады,  ол   


 
45 
лимфоциттердiң 
жетілгендігін 
көрсетеді. 
Сонымен 
қатар, 
В
2
-
лимфоциттердің  бетінде  барлық  иммуноглобулиндердің  кластарына 
жататын антигентанушы рецепторлары пайда болады. В
2
-лимфоциттер кез-
келген  антигенге  қарсы  (тимустәуелді  және  тимустәуелсіз)  жауап 
қайтарады  және  барлық  иммуноглобулиндерді  синтездей  алады,  ол  – 
екіншілік иммунды жауаптың негізін құрады. 
В
2
-лимфоциттер  тек  иммуноглобулиндер  синтездейтiн  плазмалық 
жасушаларға  айналмайды,  сонымен  қатар  олар  антиген  жайлы  хабар 
сақтай  алатын    еске  сақтаушы  В-лимфоциттерге  де  айналады.   
Организмге  қайта  антиген  енгенде,  еске  сақтаушы  В-лимфоциттер 
көмегімен  антиген  тануы  жеделірек  жүріп,  сай  келетін  В-лимфоциттер 
клоны көбейіп, антигенге қарсы арнайы антиденелер  синтезделiнедi. 
В
2
-лимфоциттер 
кезеңінде 
антигентәуелді 
дифференциялану 
нәтижесінде, белгілі антигенге әсер көрсетуші В-лимфоциттер клонының 
әр 
қайсысының 
ішінде 
кезекпе-кезек 
иммуноглобулиндердің 
молекулаларының  ауыр  тізбегінің  синтезін  кодтаушы  гендердің  алмасуы 
соңында, В
2
-лимфоциттердің негізгі төрт тобы пайда болады: β, β, β, 
β;  олар  IgM,  IgG,  IgE,  IgA-ң  синтезделiнуiмен  секрециясын  жүзеге 
асырады.  
Дифференциялану  кезiнде  бiрiншi  болып  бетінде  IgD  және  IgM 
орналасқан  В
2
-лимфоциттер  тобы  пайда  болады,  кейін  олар  M 
иммуноглобулинды сыртқа синтездейдi.  
Содан 
кейін, 
дифференциялану 
кезiнде 
гендердің 
алмасуы 
нәтижесінде  бетінде  IgD  және  IgG  бар  В
2
-лимфоциттер  тобы  құрылады, 
олар  берілген  антигенге  қарсы  IgG  синтездейдi.  Үшінші  болып  -  бетінде 
IgD және IgE бар, IgE синтездейтiн В
2
-лимфоциттер тобы құрылады; ал еің 
соңғы  төртінші  топқа  -  бетінде  IgD  және  IgA  бар  В
2
-лимфоциттер  кiредi, 
олар IgA түзуші плазмалық жасушаларға айналады. 
В
2
-лимфоциттер  бетiндегі  IgD  тек  мембранамен  байланысқан  түрінде 
болады,  қалыпты  жағдайда  сыртқа  өте  аз  бөлінеді.  Бұл  иммуноглобулин 
әсері  толық  зерттелмеген,  бірақ  В-лимфоциттердiң  бетінен  алынып 
тасталса,  онда  оның  тимустәуелді  антигенге  әсер  ету  қабілеті 
төмендейтіндігі эксперимент түрінде дәлелденген.    
 Сөйтіп, организмге кез-келген антиген түскенде (тимустәуелді және 
тимустәуелсіз)  гуморалды  жауап  кезінде  антигенге  қарсы  бірінші  IgM 
синтезделiнедi,  ал  содан  кейін  басқа  кластарының  иммуноглобулиндері 

 
IgG,  IgE,  IgA  синтезделiнедi,  бұл  организмнің  тіндері  мен  мүшелерінің 
эффективті қорғанысын қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет