IgM қызметтерi:
В-жасушалардың бетінде IgM пайда болуы IgM-рецепторлардың
туылуын
көрсетеді
және
олар
В-жасушалардың
ары
қарай
дифференциялануының
белгісі
болып,
антигенмен
(тимустәуелді)
байланысуға мүмкіндік береді. В-лимфоцит бетінде рецепторлық IgM
мономерлі түрінде болады.
Сарысуда IgM пентамерлі түрінде кездеседі. Қалыпты жағдайда
адамның сарысуында 2,0 – 4,0 г/л болады. 10 белсенді орталықтың болуы
10 біркелкі антигендік детерминанталарын байланыстыра алады, бірақ
молекулалық кеңістіктік құрылысы себебінен, антигенмен пентамерлі
құрылысының 5 белсенді орталығы байланыса алады. Антигендік
детерминантасы мен белсенді орталықтың туыстығы өте төмен болса да
IgM эффективты агглютиноген болып табылады. IgM пентамер
болғандығынан,
комплемент жүйесінің классикалық жолмен ең эффективтi активаторы болып келеді (СН
2
арқылы).
Плацентада IgM-ге F
C
-рецепторлар жоқ және үлкен молекула
болғандығынан IgM плацента арқылы өтпейді. Пентамердің үлкен
көлемдігі экстраваскулярлы антигенге қызметін қиындатады, яғни IgM
молекуласы тіндерге өтпейді, тек қан айналымда тамыр ішінде жұреді.