56
полимерленбейді.
IgЕ
комплемент
жүйесiн
активтемейдi,
агглютинацияда қатыспайды.
IgЕ концентрациясы сау адамдарда өте аз болады - 0,0002 г/л.
IgЕ жұмыс істеуі Fc-үзіндісіне арналған арнайы жасушалық
рецепторлармен бірге жүреді; ол қан сарысуында тек қан ағымы арқылы
ығысу үрдісімен сай келетін плазмалық жасушалардан базофилдерге және
басқа жасушаларға барады. IgЕ өзінің Fc-узіндісімен сол жасушаның Fc-
рецепторларына орналасады. Сөйтіп, плазмалық жасушалар тек бір ғана
арнайылықты IgЕ-нi синтездейдi, ал әр гистамин өндіруші жасуша (мес
жасуша, базофил) IgЕ молекуласының Fc-фрагментін байланыстырып,
әртүрлі антигендік арнайылығы бар IgЕ молекуласының қабатымен
қоршалуы мүмкін. Мембранабайланыстырушы IgЕ-нiң өмірі 14 күн
шамасында.
Келесі кезең – антигенмен байланысу. Антиген өз детерминанттық
тобымен сол антигендік арнайылықты мембрана байланысқан IgЕ Fab-
фрагментімен байланысады. IgЕ антигенмен байланысқан соң Fc-
рецептордың белсенділігі жоғарылау арқасында гистамин, брадикинин, 5-
окситриптамин, баяу әсер етуші анафилаксия субстанциясы және басқа
биологиялық активті заттар тез бөліне бастайды, нәтижесінде жедел
экссудативті қабыну, яғни атопиялық аллергияның клиникалық көріністері
дамиды. Егер берілген арнайы IgЕ барлығы аллергендермен әсерлесіп
болса, онда аллергенмен байланысу қабілеті жоқ Fab-фрагменттері
болмағандықтан, бұл аллергенге десенсибилизация пайда болады.
Атопиялық топқа жататын адамдарда иммунды серпіліс кезінде
шырышты қабаттағы IgЕ деңгейі қалыпты жағдайдан өсіп, гиперергиялық
серпілісіне әкеліп соғады. Ондай кезде ол науқастарда бронх демікпесіне,
аллергиялық дерматиттерге, шөптік қызбаға сезімталды болады.
IgЕ
гельминттерге
қарсы
иммунитетте
қатысады.
Fab-
фрагменттерімен гельминттің антигендік детерминанталарымен, ал Fc-
рецепторлар
арқылы
эозинофилдер
бетіндегі
рецепторлармен
байланысады. Сол Fc-рецепторлар арқылы олар белсеніп, гельминттерге
қарсы әсерлі медиаторларын бөледі.
IgD. IgD молекулалық салмағы 180000 Д. IgD концентрациясы адам
сарысуында 0,0003-тен 0,0017 мг/л дейiн. Бұл иммуноглобулиннiң
құрылысы басқа иммуноглобулиндердiң құрылысына қарағанда толық
зерттелмеген. Оның себебі,
қан сарысуындағы мөлшері өте төмен. Бұл
иммуноглобулин, негізінде В-лимфоциттер бетінде рецептор түрінде
Достарыңызбен бөлісу: