Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша


Дайындаманы қысу немесе созу әдісімен бөлшектердің



Pdf көрінісі
бет100/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   316
Дайындаманы қысу немесе созу әдісімен бөлшектердің 
пішінін жасау озық үлгілі өңдеу әдісі болып табылады, ол ұштау 
және қырнап өңдеу әдістеріне қарағанда, өнімділікті 5-6 есеге 
арттырып, металды айтарлықтай деңгейде үнемдеп, қақтау мен сығу 
кернеуін жасау арқылы өңделген беткі бөлік қабатының 
механикалық қасиеттерін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл әдіс 
өңдеудің жоғары дәлдігін (6-шы, 7-ші квалитет) және беткі бөліктің 
Ra 0,63...0,32 мкм-ге тең кедір-бұдырлығын қамтамасыз етеді.
Сыртқы беткі бөліктердің пішінін жасау принципі дайындаманы 
белгілі бір ретпен қысуға негізделеді. Дайындаманың ось бойымен 
жылжуына қарай, ол айналмалы матрицалардың сығушы 
күштерінің әсерімен деформацияланады. Бұл ретте дайындама 
матрицалар науашасының ең кіші диаметріне сәйкес келетін 
өлшемге дейін қысылмағанша, дайындама металы өз қозғалысының 
бағыты бойынша «ағып» отырады.
1.90-суретінде цилиндр шыбықшасын қысу процесі көрсетілген. 
Белгілі бір жылдамдықпен айналатын бастиек айналдырғысында 5 
тікбұрышты қималы диаметрлік ойық болады, сол ойық бойынша 
ортасынан және ортасына қарай матрицалы тоқпақтар 3 еркін 
қозғалады. Соңғылары, жұмыс барысында өздерінің жұмыс 
беттерімен шыбықшаның металымен 2 түйісіп, дайындаманы 
қысып-тарту арқылы оған қажетті пішінін келтіреді. Тоқпақтардың 
сыртқы қапталдарында тірек аунақшалары 1 орнатылған.
1.90-сурет. Цилиндр шыбықшасын 
қысу процесі
133 


Айналдырғы 5 шеңбердің 4 ішінде орналасқан, шеңбердің 
саңылауларында айналмалы және еркін түрде аунақшалар 6 
орналасқан, аунақшалардың бүйір беттері шеңберден шығып 
тұратындай етіп орналастырылған. Айналдырғы тоқпақтар мен 
матрицалармен бірге айналғанда, тоқпақтар мен матрицалар 
ортадан тепкіш күштің әсерінен аунақшалар 1 аунақшалар 6 
арасындағы кеңістікте тұрғанда, ортадан периферияға қарай 
жылжиды да, аунақшалар 1 аунақшаларына соғылысқанда, ортаға 
қарай жылжиды. Бұл ретте матрицалар металл дайындаманы 
пластикалық түрде деформациялап, өзінің жұмыс беттерімен 
онымен жанасады: дайындама қысылып, тартылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет