Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет96/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   316
127
 


дискілі және бейінді жонғыштармен өңдеуден өнімдірек. 
Оймакілтек бөлігіне буынтық немесе диаметрі үлкенірек (яғни 
жонғыш үшін шығыс жоқ) саты жақын тиіп тұрған қысқа ойма 
кілтекті ойма кілтек біліктерін арнайы қашауыштар көмегімен тіс 
қашағыш білдектерде өңдейді.
Термиялық өңдеуден кейін оймакілтек біліктерінің орталық 
ұяларын әдетте конустық қажақты аспаппен жылтылдатады.
Оймакілтектердің бүйір жақтары мен оймакілтек білігінің ішкі 
диаметрін жылтылдатуды бір немесе екі операция арқылы 
орындайды. Сериялық өндірісте бүйір жақтар мен ішкі диаметрді 
көбінесе жылтылдату шеңберінің перифериясымен тік бұрышты 
үстелі бар қарапайым жазықжылтылдату білдектерінде екі 
операциямен жылтылдатады: алдымен оймакілтектердің бүйір 
жақтарын екі шеңбермен, содан кейін ішкі диаметрді бір бейінді 
шеңбермен (1.86, в сур. қараңыз). Көптеп және ірі сериялы өндірісте 
бүйір жақтар мен ішкі диаметрді оймақкілтек жылтылдатқыш 
білдектерді бір операция арқылы жылтылдатады (1.86, г сур. 
қараңыз).
Оймакілтектердің бүйір жақтарының әдібі мен ішкі диаметрі 
0,1-ден 0,2 мм құрайды (сырт жаққа).
Оймакілтек жонуды көп кескішті басшамен орындайды, оның 
корпусының ойығына бейінді кескіштер орнатылған. Кескіштер 
саны мен олардың бейіндері оймакілтек саны мен өңделетін біліктің 
ойық профиліне сәйкес. Өтпелі емес оймакілтектерді жону үшін 
білдекте өңдеудің белгіленген ұзындығына жылдамдатылған 
бұрылыс көзделген. Оймакілтекпен жону арқылы өңдеуді өңделетін 
бөлік ұзындығы 70...370 мм және жалпы ұзындығы 435 мм дейінгі 
ұзындығы бар білікті өңдеуге арналған білдекте орындайды. 
Өңделетін біліктер диаметрі 20...50 мм. Білдек оймакілтек 
ойықтарын өтімге де, сондай-ақ сыртқы диаметр бетіне шығысқа да 
өңдеуге мүмкіндік береді.
Тік бұрышты тік бүйірлі оймакілтектерді оймақкілтекті 
тартуды кейіннен дайындаманы бұрай (бөле) отырып, екі блокты 
тартқыштармен орындайды (1.87-сур.). Осы әдіс арқылы өтпелі де, 
аспаптың шығуына жол беретін өтпелі емес те оймакілтектерді 
өңдейді.
Блокты тартқыштар бір-біріне қарамастан тартымнің әр тісінің 
радиалды ауысуын қамтамасыз етеді. Көшіру сызғышы өтпелі емес 
оймакілтектерді берілген траектория бойынша созуға мүмкіндік 
береді. Тік бүйірлі оймакілтектерді блокты тартқыштармен созу 
оймакілтекті жонудан 5-10 есе өнімдірек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет