Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет103/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   316
■ 
бір кескішпен; 
■ 
қоршаулы бөліксіз екі кескішпен; 
■ 
қоршаулы бөлікті екі кескішпен; 
■ 
үш кескішпен; 
■ 
екі төрткілдешпен. 
■ 
137 


Бүрлеу схемасы, көбіне, өңделетін тістің пайда болатын 
ұзындығына байланысты таңдалады. 
Шағын модульді тісті доңғалақтарды қарапайым жону-бұрама 
кескіш білдектерында, бір-біріне 120° бұрышта орналасқан үш 
жетексіз тісті кескіштері бар арнайы құрылғыны пайдалана отырып, 
бүрлеуге болады. Бұл әдіс тісті доңғалақтардың 7-ші дәрежелі ілініс 
дәлдігін және беткі бөліктің кедір-бұдырларының Ra 1,25...0,32 
мкм-лі класын қамтамасыз етеді. 
Дайындама бетінің беріктігі мен сапасын арттыру үшін, 
шариктермен қақтау әдісі қолданылады. Бұл әдістің мәні - 
өңделетін бетті көп рет, шариктермен бірінен кейін бірін ұру 
арқылы өңдеуге негізделеді. Осы мақсатта шариктерді диск ұясына 
орналастырады, диск ұясы өте жоғары жылдамдықта айналады, 
ондағы шариктер ортаға тепкіш күш әсерінен радиалды бағытта 
белгілі бір шамаға жылжып, диск перифериясындағы саңылаулар 
арқылы өңделетін бетке соққылар жасайды. 1.93-суретінде білік пен 
саңылаулардың сыртқы (1.93, а сур.) және ішкі (1.93, б сур.) 
беттерін шариктермен қақтау процесі көрсетілген.
Шариктермен қақтау әдісін тегіс беттерге, сондай-ақ көшірме 
құралын қолданған кезде - пішінделген беттерді өңдеуге де 
қолдануға болады. Бұл процесс әдетте дискінің айналу 
жылдамдығы 25 м/с дейін және өңдеуге арналған дайындама - 90 
м/мин дейін болғанда жүзеге асырылады. Бұл өңдеу түрі үшін 
бұрандалы кескіште орнатылған тегістеу машиналары немесе 
құрылғылары қолданылады. 
Қақталған қабаттың қаттылығы мен өңделген беттің сапасы 1 
мм
2
-ге келетін шариктер соққысы мен күшіне тәуелді, сондай-ақ 
өңделетін металдың бастапқы қаттылығына байланысты. Бұл 
параметрлер дөңгелектің айналу жылдамдығына (шамамен 25 м/с) 
және өңдеуге арналған дайындама (шамамен 30,90 м/мин) 
жылдамдығына, сондай-ақ шариктерді күшпен итеру қашықтығына 
(0,5...0,8 мм), шарик өлшемдеріне (диаметрі 7,10 мм) ) және т.б. 
байланысты.
Қақталған қабаттың беткі қаттылығы 15...60%-ға артады, алайда 
материалдың бастапқы қаттылығы қаншалықты күшейсе, қақтау 
әсері де соншалықты төмендейді. Мәселен, 45 болатынан жасалған 
дайындаманың беткі қаттылығы 17%-ға, ал 25 болатынан жасалған 
дайындаманыкі - 45%-ға артады.
Беткі бөліктерді шариктермен өңдеудің режимін таңдау өте 
маңызды. Дұрыс таңдалмаған режим жоғары деңгейдегі 
кернеулердің беткі қабатының пайда болуына, ал шойынды өңдеу 
кезінде-бұл қабаттың бұзылуына әкелуі мүмкін. Жұмыс шариктері 
әдетте керосин мен айналдырғы майының қоспасымен майланған, 
беті керосинмен өңделген болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет