2 Тарау
МАШИНАЛАРДЫҢ ТИПТІК
БӨЛШЕКТЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІ
КОРПУСТЫҚ БӨЛШЕКТЕРДІ ЖАСАУ
Корпустық бөлшектерді әзірлеу мақсаты мен техникалық
шарттары. Корпустық бөлшектер құрастырмалы қондырғы
бірліктері мен бөлшектерді орналастыруға арналады. Корпустық
бөлшектер бөлшектер мен механизмдердің салыстырмалы күйінің
дәлдігін статикалық күйінде де, машинаны пайдалану кезінде де
тұрақты болуын қамтамасыз етеді, сондықтан олар жеткілікті
деңгейде қаттылыққа ие болуы керек.
Құрылымдық ерекшеліктері мен әзірлеу дәлдігі. Корпустық
бөлшектерге құрастырмалы бөліктерді, агрегаттар мен жекелеген
бөлшектерді бекітетіндіктен, олардың негізгі беттері дәл де нақты
болуы керек, ал корпустар - машинаны қолдану мерзімінде барлық
жалғанған бөлшектердің өзара күйін өзгеріссіз сақтауды
қамтамасыз ету үшін берік әрі қатты болғаны абзал. Машиналардың
әртүрлілігі корпустық бөлшектердің әр түрлі түрлерін анықтайды.
Ауқымды жоспарда корпустық бөлшектерді шартты түрде келесі
топтарға бөлуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: