Корпустық бөлшектердің өңдеуі. Корпустық бөлшектердің
өңдеу үрдісі базалардың таңдауымен және түрлі жазықтықтар
арасындағы өлшем байланысымен анықталады. Корпустық
бөлшектерді базалардың тұрақтылығын және қиыстыруын ұстанып
базалайды. Бұны орындаған кезде базалаудың ең жиі екі тәсілін
қолданады: координаталық бұрышты жасайтын үш жазық бойынша;
құрылғының екі орнату саусақтарына отырғызу арқылы Н7
квалитетпен өңделген беттер және екі тесік бойынша
Кейінгі операциялардың көбінде технологиялық базалар ретінде
қолдану үшін арналған өңделетін бір немесе бірнеше беттердің
дұрыс орнатуына қол жеткізуге ұмтыла отырып, бірінші
операцияларда дайындаманы өңделмеген жазықтыққа орнатады.
Осы операцияда кейінгі операцияларда өңдеуге жататын беттерді
өңдеу үшін әдіптердің дұрыс бөлуін қамтамасыз етуге ұмтылады.
Екі негізгі құйылған тесік жеткілікті диаметральді мөлшерге ие
болған жағдайда, алғашқы операцияда дайындаманы ол тесіктер
бойынша базалайды. Базалаудың сондай тәсілі негізгі тесіктердің
кейіннен өңдеуі кезінде біркелкі әдіптің шешуін қамтамасыз етеді.
Базалау үшін өзіцентрленетін түзеткіш немесе арнайы құрылғылар
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: