Негізгі тесіктерді өңдеу үшін бұрғылар, кескіштер, үңгілер,
қашау басы, кеулейжону бастиектер, кеулейжону тілімше және
қашаулар қолданылады. Әрлеу жұмыстары үшін шарикті және
аунақшалы
домалатуларды
қолданады.
Бұрғыларды
тұтас
материалдағы тесіктерді алдын-ала бұрғылау үшін қолданады.
Диаметрі 30 мм ден астам құрайтын тесіктер әдетте балқыту
арқылы алады. Кондуктор бойынша бұрғылаған кезде диаметральді
өлшемнің Н11, Н12 квалитет бойынша дәлдікке қол жеткізіледі.
Құймалардағы тесіктер жеке және ұсақ сериялы өндіріс
жағдайлары кезінде кескішпен кеулей жонады; бұл жөндеу тесік
өсінің дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді. Тісті кескіш
бастиектерде және кескіш блоктарда үлкен диаметрлі тесіктерді
өңдеу үшін қолданады. Үңгілерді құйма тесіктердің қаралтым
өңдеуі, кескіш арқылы бұрғылаудан және кеулей жонғаннан кейін
тесіктердің жартылай таза өңдеуі үшін қолданылады. Дәлдігі Н10
квалитетінен аспайтын тесіктердің түпкілікті өңдеу үшін үңгіні
қолдануға болады. Үңгiлеу кезінде жазықтықтың бұдырлығы
Ra 1,6
мкм және оданда артық құрайды.
Үлкен диаметрлі негізгі тесіктерді (100 мм және оданда артық)
қатты қорытпадан жасалынған тілімшелермен жабдықталған
көпкескішті кеулейжону бастиектермен өңдейді. Жоғары режимдері
кезінде олар жұмыс жағдайындағы жылдамдықтың ең аз саны
ішінде үлкен әдіпті шығаруға мүмкіндік береді және ең өнімді
құрал болып табылады. Диаметрі 400 мм–ге дейінгі тесіктердің Н6 -
Н10 квалитеттер бойынша таза өңдеуі көптеген жағдайларда жазу
арқылы іске асырылады. Қатты қорытпадан жасалынған
тілімшелермен жабдықталған қашауларды қолданады.
Н8 және Н9 квалитеттегі тесіктер бірреттік жазу арқылы, ал Н7
квалитеттің тесіктері - екі реттік жазу арқылы алады. Жазу арқылы
Н6 квалитеттегі тесіктердің өңдеуін қолмен жеткізілген кесу
ернеулері бар қашаумен және МСС-мен іске асырады. Бұл ретте
Ra
0,8 мкм және оданда артық кедір-бұдырлығын алады.
Қаралтым жазудың астындағы әдіптерді 0,5 мм дейінгі
диаметрге қалдырады, таза жазуға - 0,07...0,15 мм қалдырады.
Сериялық және жаппай өндірісте кеулейжону блоктар және
жылжымалы тілімшелер 600 мм дейін диаметрлі тесіктердің өңдеуі
үшін (қаралтым және таза кеулей жону) кеңінен пайдаланады.
Біркескішті қашаумен салыстырғанда кеулейжону блоктармен
немесе тілімшелермен өңдегенде кесу күшінің радиалды
құрамдастары теңдестірілген, бұл өз кезегінде түзеткіштердің
иілімін жоққа шығарады. Өңдеудің дәлдігі Н7 квалитет және
Ra
0,63 мкм және одан астам бұдырлық бойынша қамтамасыз етіледі.
.
Достарыңызбен бөлісу: