3 тарау
МАШИНАЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ
МАШИНАЛАРДЫҢ САПАСЫ ТУРАЛЫ
ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР
3.1.
Машиналарды құрастыру процесі, өндірістік циклінің соңғы
кезеңінің бірі болып табылады. Құрастыру процесі кезінде жаңа
машинаның ғана емес, сонымен қатар машинаның барлық жұмыс
ресурсы уақытында сапаның өзгермейтіндігінің қажетті сапасын
қамтамасыз ететін барлық параметрлер қамтамасыз етіледі.
Машиналар мен машина жасаудың басқа бұйымдарының
сапасы ретінде, міндетіне сәйкес нақты қажеттіліктерге жауап
беретін жарамдылықты шарттайтын машинаның қасиеттерінің
жиынтығын түсінуге болады. Ол машина конструкциясын, оның
құрылымын, бөлшектерді өндірудің технологиялық процестерін,
пайдаланудағы үнемділікті, сенімділікті және мүлтіксіздік және т.б.
қамтиды. Машинаның сапасы жобалаудан бастап сынауға дейінгі
өндірудің барлық кезеңдерінде қалыптасады және қаланады, бірақ
негізінен өңдеу кезінде қамтамасыз етіледі.
Дайын машиналардың сапасы сынау стендінен бөлек пайдалану
шарттарында расталады. Бұл ретте сапаны анықтайтын көптеген
параметрлерді өлшеуді жүргізеді. Сол немесе басқа параметрлерді
анықтау дұрыстығы, өлшеу дұрыстығына, яғни сол параметрлерді
бақылаудың таңдап алынған құралдарына байланысты.
Дайын бұйымдардың сапасын метрологиялық қамтамасыз ету,
дайын бұйымның сипаттамасының қажетті дәлдігін анықтауды
қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдық-техникалық шаралардың
кешені болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: