Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет160/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   316
Байланысты:
mm

217
 


Дайын машиналарды шығаратын кәсіпорын деңгейінде, сапаны 
метрологиялық қамту, келесіні құрайды: 
 
Өлшеуіш құралдар мен сынау мен өлшеудің толық көлемін 
қамтамасыз 
ететін 
құралдардың 
рационалды 
номенклатурасын таңдау;
 
Қажеттілік жағдайында өлшеу мен сынаудың арнайы 
құралдарын әзірлеу; 
 
Пайдаланылатын құралдарды қадағалау; 
 
Өз өнімдерін сынау мен оның параметрлерін өлшеу 
тәсілдеріне кәсіпорынның стандарттарын әзірлеу.
Бұл ретте, өндірістің технологиялық процесіне қатысатын 
барлық өлшеу құралдары, өлшеу бірлігін қамтамасыз ететін 
мемлекеттік жүйесі шеңберінде жүйелік тексерістен өтетіндігін 
ескеру керек.
Құрастыру 
процесінің 
сапасы, 
құрастыру 
өндірісінің 
техникалық 
деңгейімен 
сипатталады, 
ол 
өз 
кезегінде 
механикаландырылған еңбек үлесі, автоматтандыру деңгейі
қиюластыратын жұмыс көлемі және т.б. бағаланады.
Бұдан 
басқа 
құрастыру 
процесінің 
сапасына 
құрастырылатын бұйымның 
технологиялылығы, өндіріс көлемі
құрастыру процесін ұйымдастыру және оның мәдениеті әсер етеді. 
Дайын бұйымның сапасын 
кезең-кезеңмен бақылайды: 
 
Түсетін материалдар мен құрамдас өнімдердің 
кірісін бақылау; 
 
Жиналатын құрылым бірліктерін операциялық 
бақылау;
 
Дайын өнімді соңғы тексеру. 
Материалдар 
мен 
сатып 
алынған 
жинақтамалық 
бұйымдарды кіріс бақылау, бұйымды қаптау, тасымалдау және ашу 
кезінде алынған ақаулықтарды анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл 
бақылау тексерілетін бұйымдардың өндіруші кәсіпорында шығыс 
бақылауды өткендігіне қарамастан орындалады.
Материалдарды кіріс бақылау процесі кезінде химиялық құрамның 
тұрақтылығы мен біртектілігі, механикалық қасиеті және т.б. 
тексеріледі. Әсіресе құрастырылатын бұйымның сенімділігі мен 
төзімділігіне әсер ететін параметрлерге көңіл аударады. 
Құрамдас өнімдердің кірісін бақылау келесі мақсатта орындалады: 
 
Сыртқы ақауларды анықтау; 
 
Реттеу параметрлерін тексеру; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет