Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша


Ажырамайтын немесе бөлшектенбейтін



Pdf көрінісі
бет189/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   316
Ажырамайтын немесе бөлшектенбейтін деп, пайдалану 
кезінде бөлшектеу қарастырылмайты, үлкен күш жұмсалатын және 
түйіндес немесе бекітпе бөлшектердің зақымдануымен берілетін 
қосылыстарды атайды (мұндай қосылыстарды дәнекерлеу, пісіру, 
шегелеу, 
баспақтаңқырау, 
желімдеу, 
ішкі 
айналдыру, 
пластмассамен құю және т.б. орындайды).
Тойтарма көмегімен ажырамайтын қосылыстарды алуды 
тойтару деп атайды. Әдетте тойтарылатын қосылыс тойтармамен
250
 


жалғастырылған қалыпқа келтірілген пішіндерден тұрады. Диаметрі 
8...10 мм ұсақ тойтармаларымен тойтару салқын күйде, ал диаметрі 
10.12 мм асатын тойтармалармен тойтару қыздырылған күйде 
орындалады.жалғастырылатын бөлшектерге қарағанда төмен 
температурада балқитын ерітілген аралық материал (дәнекер) 
көмегімен балқыту температурасынан төмен температурада 
қыздырумен материалдардығ ажырамайтын қосылыстарын алуды 
дәнекерлеу деп атайды. Жалғастырылатын материалдардың 
байланысындағы температураға байланысты дәнекерлеуді төмен 
және жоғары температуралы деп бөледі. Төмен температуралы 
дәнекерлеу кезінде қыздыру температурасы 450 °С төмен, жоғары 
температуралы дәнекерлеу кезінде — 450 °С жоғары. 
Қыздыру дәнекерлегіш, жоғарғы жиiлiктi тоқ (ЖЖТ), 
пештерде және газ жанарғысының жалынында орындалады. 
 
Желімдеу – түрлі материалдардан жасалған бөлшектерді 
жалғастыруда қолданылатын жылжымайтын және ажырамайтын 
қосылыстарды құрастыру әдісі (өз аралығындағы материалдар, 
бейметалл материалдары бар металдар). 
Ажырамайтын қосылыстарды қалыптастыруда дәнекерлеу 
кеңінен қолданылады, ол имектеп, аргонмен имектеп пісіру, газды 
және түйіспелу деп бөлінеді. 
Имектеп дәнекерлеу кезінде металл электр тоғының әсерінен 
балқиды. Электр имегін алу үшін дәнекерлейтін машиналарды және 
тұрақты және ауыспалы тоқ аппараттарын пайдаланады. 
Дәнекерлеу қондырғысының электрлік тізбегіне пісірілетін 
бөлшектер кіреді. Қарама-қарсы полюс, диаметрі 2.12 мм жұмсақ 
болат сымнан жасалатын қоспа материал болып табылады (болат 
құрамындағы сутегінің құрамы 0,25 %) дейін.
Имектің дәнекерлеу кезіндегі температурасы 6 700 °С. 
Газбен пісіру кезінде пісірілетін металды жергілікті қыздыруды 
орындайды және қоспа металл көмегімен пісіреді. металдарды 
оттегі мен ацетиленнің қоспасы негізінде жұмыс істейтін газ 
жанарғысымен 3 100.3 200°С дейін қыздырады.
Бөлшектерді нүктелі, жапсарлы және сүңгілі болатын түйіспелі 
пісірумен жалғастырады. Пісірудің бұл түрі тиімді, өндіргіш және 
болат таспаларды біріктіру үшін қолданылады (3.9 сурет).
Екі бөлшектерді бірінің ішіне бірін қосалқы бекітусіз 
баспақтаңқырау жолымен жылжымайтын қосуды, кепіл тартылысы 
бар қосылыс деп атайды. Кепіл тартылысы бар қосылыс маңызды 
бұрау моментін, өстік күшті беруі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет