Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет190/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   316
251
 


3.9 сурет. Нүктелі (а) және жапсарлы (б) түйіспелі пісіру сызбасы: 
1 – электродтар; 2 – дайындамалар; — жұмсалатын күш; 
D
s
— беру 
қозғалысы 
Бөлшектердің қол, гидравликалық және пневматикалық баспақ 
көмегімен баспақтаңқырайды (3.10 сурет).
Бөлшектерді қамтушы бөлшектерді қыздыру немесе салқындату 
көмегімен біріктіру, қамтушы бөлшек қыздыру кезінде кеңейеді, ал 
салқындату кезінде қамтушы бөлшектің қысылатындығында, 
нәтижесінде бір бөлшекті екінші бөлшекке отырғызу жеңілдетіледі. 
Қамтылатын бөлшекті салқындату тәсілімен баспақтаңқырау үшін 
температуралық айырмасы 200 °С дейін сұйық азот немесе оттегіні, 
сонымен қатар 100 °С дейін температураның айырмасын 
қалыптастыратын қатты көмірсутегіні қолданады.
4
 
3.10 сурет. Баспақтаңқырауға арналған жабдықтар: 
а — бұрандалы домкрат; б — гидравликалық тетіктер; 1 — 
баспақтаңқыранатын ; 2 —бұрандалы домкрат; 3 — корпус бөлшегі;
4 — 
гидравликалық тетіктер (қапсырма) 
252
 


■ 
Егер ұштастырылатын бөлшектердің тартылысы үлкен болатын 
болса, құрастыру кезінде бір мезгілде қамтитын бөлшекті 
қыздырады және қамту бөлшегін салқындатады. 
Құрастыру үдерісінің әзірлеу операциялары. Бұйымды 
құрастыру машинажасау өндірісінің ақырғы сатысы болып 
табылатындықтан, содан соң тек сынау және бақылау жүргізіледі, 
бөлшектер, агрегаттар және басқа құрылымдаушы бөлшектер 
машина құрылымында орын алмас бұрын мұқият тексеру бойынша 
операциялар ретінен өтуі 
▪ 
Бөлшектер мен агрегаттарды кіріс бақылау
▪ 
Бөлшектерді таңбалау; 
▪ 
Бөлшектерді тазалау және жуып-шаю; 
▪ 
Түрлі параметрлер бойынша бөлшектерді іріктеу.
Бөлшектерді, материалдарды, агрегаттарды және құрастыру 
бірліктерін кіріс бақылауды, бұл нысандардың шығыс (ақырғы) 
бақылаудан өткендігіне қарамастан жүргізеді. Ол консервациялау, 
қаптау, тасымалдау, ашу және қайта іске қосу кезінде, батқан, 
нақысы және т.б. түріндегі зақымдануды алуы мүмкіндігімен 
байланысты, зақымданулар кіріс бақылау кезінде сыртқы 
бақылаумен анықталады. Құрастыруға жеткізілетін материалдың, 
мысалы дәнекердің сапасының тікелей әсер етуі кезінде, 
құрастырылатын бұйымның сапасына (пісірілген жапсар сапасы) 
міндетті түрде химиялық құрамы мен бұл материалдардың 
қасиеттерін тексереді. 
Дайын толымдау агрегаттары мен құрастыратын бірліктерінің 
материалдарын сыртқы бақылауды келесі мақсаттарда орындайды. 
▪ 
Көзбен шолып тексеру кезінде сыртқы ақаулықтарды 
анықтау;
▪ 
Реттеуіш параметрлердің тексеру, мысалы май сорғысының 
шығысы кезіндегі өндірімділік пен қысым. 
Құрастыруға дайын бөлшектер қоймасынан түсетін бөлшектер 
мен құрастыратын бірліктерді кіріс бақылауды, бұл бөлшектер 
қоймасында тасымалдау немесе сақтау ережелерін сақтамау кезінде 
пайда болған сыртқы ақаулықтарды анықтау мақсатында жүргізеді. 
Бақылауды төлқұжат деректерінің бұйымды жеткізуге арналған 
техникалық 
шарттарға 
сәйкестілікті 
тексеруден бастайды. 
Кәсіпорында кіріс бақылау қызметінің болмауы жағдайында, 
бақылауды құрастыру цехынде тікелей орындайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет