Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет245/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   316
323
 


3.69-сурет. 
Құрастыру 
машиналарын 
(автоматтарды) 
құру 
схемалары:
а
— бірпозициялы: 
1
— құрылғы; 
2
құрастырылатын бұйым
3
— 
құрастыру бастиегі; 
4
— магазиндік құрылғы; 
5
— құрастыру 
автоматының үстелі; 
6
— үстел; 
7
— манипулятор; 
б
— көппозициялы: 
1
— 
5
жұмыс позициялар
6
— манипулятор; 
7
— үстел; 
8
— айналма 
үстел; 
9
— құрылғы; 
10
— құрастыру бастиегі; 11 — магазиндік құрылғы 
Күрделі бұйымдарды құрастыру автоматтық желіде жасалады, 
олар бірпозициялы және коппозициялы машиналардан тұра алады. 
Автоматтық желілерде жеке құрастыру бірліктерін бүтін бұйым етіп 
жинау қолданылады, мысалы ішкі жану қозғалтқышының блогына, 
электрқозғалтқышына және т.б. Автоматтық желінің барлық 
позициялары өзара тасымалдау құрылғыларымен байланысқан, 
құрастыру машиналарына базалау бөлшектерін жеткізу үшін. Әр 
позицияда құрастыру операциясын орындау үш жақтан бірдей 
мүмкін, бұл операцияларды ұштастыру еркіндігін береді. 
Көп мөлшерде жасалатын бұйымдарды құрастыру үшін, мысалы 
доңғалақты шынжыр құрастыру, жоғары өнімділікті роторлық 
автоматты сызықтар қолданылады. Роторлық сызық құрамына 
құрастыру 
роторлары, 
көліктік 
құрылғылары, 
жиналатын 
бөлшектерді автоматтық тиеу құрылғылары, бақылау құрылғылары 
және т.б. кіреді. Құрастыру процесі үздіксіз болады. Сонымен 
қатар,
324
 


әр технологиялық роторда оның толық бір айналымында бір 
құрастыру операциясы жүргізіледі. 
Құрастыру машиналарына қарағанда ӨР қолданумен автоматтық 
құрастырудың басты ерекшелігі – басқа бұйымдарды құрастыруға 
өзгерту мүмкіндігі болып табылады. Бағдарламалық басқару 
құрылғылары болған жағдайда осындай машиналардың жан-
жақтылық 
дәрежесі 
жоғарылайды 
және 
құрастыруды 
автоматтандыру кезінде оларды көпноменклатуралы сериялық 
өндіріс кезінде қолдану мүмкіндігін береді. 
Кез келген роботтың қызметі кеңістікте тәріздес әрекет жасау 
қатарына жүйеленеді: алу – салу, көтеру – түсіру, бұру, апару, 
негізінде бөлшектерді құрастыру орнынан дейін жеткізуін, 
бағыттауын, әртүрлі технологиялық процестердің орындалуын
құрастыру сапасының бақылануын және т.б. жүргізеді. 
Роботқұру саласының маңызды ілгерілеуіне және ӨР 
мүмкіндіктерінің кеңеюіне электрондық және микропроцессорлық 
техниканың дамуы ықпал етуде. Алғашқы ӨР қарапайым қайталану 
операциялар бойынша адамды алмастыру үшін арналған, қазіргі 
уақытта роботтар жоғары біліктілікті мамандар орындайтын
күрделі құрастыру операцияларын орындайды. Даму қатты 
бағдарлы автооператорлар мен манипуляторлардан бағдарламалық 
басқаруы бар роботтарға және бейімді ӨР өркендеуде. 
Қазіргі уақытта қарапайым бейімді жүйелер күштері және 
айналма 
сәттері 
бойынша 
сенсорлық 
құрылғыларымен 
толықтырылады. Бұйымдарды құрастыру кезінде роботтардың 
мүмкіндіктерін кеңейтетін осындай құрылғылар санына көзбен 
шолу (техникалық көру), түйсіну және кинетостатикалық (сезу, 
қысымды әсер ету) құрылғыларды жатқызады. 
Мысалы, визуалды сенсорлық құрылғылар келесі мүмкіндік 
береді: 
▪ 
Бөлшектердің қосылу процесін бақылау және бейімді 
құрастыру құрылғыларын басқару; 
▪ 
Түйіндердің құрамдалуын жүргізу; 
▪ 
Сыртқы түрі және өлшемдері бойынша 100%-дық бақылау 
жүргізу және нормадан ауытқу сипаты туралы статикалық 
мәліметтер беру; 
▪ 
Сыртқы түрі және өлшемдері бойынша сұрыптау және 
қажетті бөлшекті жылжымалы конвейерден, сөреден немесе 
ыдысынан алу; 
▪ 
Құрастыру процесін басқарудың қашықтықтан жүргізу және 
т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет