Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет243/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   316
321
 


Бұның бәрі құрастыру процесінде талаптарды құрылымдық 
қамтамасыз ету және бөлшектерді автоматтық қосу процесінің 
маңызын ашудағы ерекше мұқияттылықты талап етеді. 
Ауыспалы тәртіппен құрастыру процесін жүргізу қажеттілігі 
құрастыру машиналарын және ӨР бөлшектердің салыстырмалы 
қалыптарының ауытқуларының реттелуін қамтамасыз ететін 
«пассивтік икемділік» құрылғыларымен, қажетті сәтте басқа 
тәртіптерге автоматты түрде ауыстыратын бейімді басқару 
құрылғыларымен жабдықтауын мәжбүр етеді. Осы түрлі 
құрылғыларға қосылатын бөлшектердің салыстырмалы қалыпын 
түзету, құрастыру процесінің жылдамдылығын реттеу жүктеледі. 
Осындай құрылғылардың әрекет ету тиімділігі процестің 
физикалық маңызына және құрастыру процесіне ілеспелі 
құбылыстарға не ғұрлым терең енуден тәуелді. 
Сонымен, құрастыру процесін автоматтандыру кезіндегі 
технологиялық өңдеулердің мақсаты – келесі міндеттерді шешу: 
▪ 
Бөлшектердің өзіндік дәлдігін ескере отырып, автоматтық 
құрастыру негіздерін және әдісін бірге талдау кезінде 
бөлшектердің жинамдылық шарттарын шығару; 
▪ 
Бөлшектерді 
автоматтық 
қосу 
процесін 
суреттеу, 
бөлшектерді құрастыру барысындағы негіздеу процесін ашу 
және құрастыру процесі үшін қажетті күштер жүйесін 
жасау; 
▪ 
Құрастыру процесі тәртіптерінің әрекет ету күштерінің 
есебін жүргізу және құрастыру машинаның немесе ӨР 
қызметін және құрастырудың әр кезеңінде қойылатын 
талаптарды анықтау; 
▪ 
Автоматтық құрастыру барысында әрекет ететін өлшемдік 
байланыстарды 
шығару, 
негіздеу 
құрылғылардың, 
құрастыру машиналардың немесе ӨР дәлдігін анықтау үшін 
талаптарды өңдеу; 
▪ 
Құрастыру процесінің барлық ерекшеліктерін, машина 
немесе 
ӨР 
қызметтерін 
және 
қанағаттандыратын 
технологиялық шарттарын көрсетіп, құрастыру машина 
қызметін немесе ӨР мен техникалық жағдайларда 
тапсырманы өңдеу. 
Автоматтық 
құрастыру 
жабдықтардың 
құрамы 
бұйым 
құрылымы және оны жинақтау технологиясымен анықталады. Көп 
жағдайда 
автоматтық 
құрастыру 
машиналар 
бір 
атаулы 
бұйымдарды 
немесе 
соған 
ұқсас 
бұйымдардың 
шағын 
номенклатурасын құрастыру үшін қолданылады, шығарудың 
жылдық бағдарламасы 200-500 мың дана және сондықтан оларда 
арнайы мақсаты бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет