Әдетте бұйымды құрастыру
процесін бұйымды бөлек
құрастыру бірліктерге бөлуге сәйкес екі бөлікке бөледі. Құрастыру
бірліктерін құрастыру, оларды күрделілігінен тәуелді, бөлек
құрастыру
машиналармен
немесе
көліктік
құралдармен
біріктірілген құрастыру машиналардың
қатары бар автоматтық
сызықтармен орындалады.
Бөлшектерді немесе құрастыру бірліктерін қосумен
байланысты ауысуларын орындаудан басқа автоматтық құрастыру
жабдықтарға
тасымалдау, тиеу, бағыттау, құрастырудың сапасын
бақылау, зерттеу және босату қызметтері жүктелген.
Бұйымды құрастырудың автоматтық
процесін жасау кезінде
құрастыру жабдығын тұтастыру сұрағы маңызды болып келеді.
Бір позициялы құрастыру машиналарын (автоматтарды) қолдану
кезінде тасымалдау операциялардың саны азаяды. Бірақ бұндай
құрастыру машинаның дербес тиеу,
бағыттауыш, қоректендіру және
жинақтау құрылғыларының саны құрастыру бірлігіне бірінен кейін
бірі құрастырылатын бөлшектер санына тең болу қажет. (3.69, а-
сурет).
Бұл талап операцияларды топтау мүмкіндігін төмендетеді,
жөндеу кезінде құрастыру
машинаның құрылысын маңызды
күрделелендіру мүмкін. Сондықтан бір позициялы құрастыру
машиналарын аз санды бөлшектері бар құрастыру бірліктерін
құрастыру үшін
қолданады, немесе біркелкі бөлшектер және
оларды біруақытылы құрастыру кезінде қолданылады.
Әртүрлі операцияларды параллельді орындауға рұқсат берілетін
көппозициялы машиналарды қолдану кеңінен тараған (3.69, б-
сурет). Осындай машинаның тиеу позициясына
бұйымның негізді
бөлшегін орнатады, ол бір позициядан басқа позицияға ауысып
отырады,
әрқайсысында
өзінің
құрастыру
операциялары
жүргізіледі. Құрылғыларды әдетте айналым үстеліне орнатады, бір
айналымы бұйымды құрастырудың толық циклін орындайды.
Әдетте көппозициялы машиналар алты-сегіз
жұмыс позициясынан
аспайды, сонымен күрделі бұйымдарды құрастыру үшін
қолданулары шектелген.
Достарыңызбен бөлісу: