Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша


Фрезерлік өңдеу кезіндегі өтулердің типтік сұлбалары



Pdf көрінісі
бет287/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   316
Фрезерлік өңдеу кезіндегі өтулердің типтік сұлбалары
Өңделетін аймақтар. Типтік базалық элемент үшін фрезерлік 
операцияларды жасау кезінде өңделетін аймақтар - өңдейтін 
аймақтардың жиынтығын құрайды. Әр технологиялық өту бір 
немесе бірнеше аймақты өңдеуге сәйкес келеді. 
Бір немесе екіөлшемді аймақтар ажыратылады.
Бір өлшемді (әдетте ашық аймақтардан тұратын), түзу сызықты 
емес 
аймақтар 
бөлшектердің 
және 
терезенің 
сыртқы 
контурларының құралмен бүйірлік бетін өңдеу кезінде, сондай-ақ 
тар жиектерді қапталдап жону кезінде алынады.
Екіөлшемді бір және көп байланысты аймақтар күрделі беттерді 
өңдеу кезінде пайда болады. Бұл аймақтар түрлі аймақтардан кез 
келген: ашық, жабық, жартылай ашық амалдармен анықталуы 
мүмкін.
Геометриялық есептеулер мен технологиялық жобалау 
ерекшеліктерін ескере отырып, екі өлшемді аймақтар негізгі екі 
класқа бөлінеді: құралдың осіне перпендикулярлы жазықтықтарда 
орналасқан және қисық сызықты беттерде және құралдың осіне 
перпендикуляр емес жазықтықта орналасқан аймақтар. 
Бірінші класс аймақтарын өңдеу үшін 2 – 5 координаттық 
фрезерлеу қолданылады, екінші класс аймақтарын өңдеу
387
 


тек 3 немесе 5 – координатты фрезерлеуді қолдану кезінде ғана 
мүмкін болады. 2 — 5-координаттық геометриялық және 
технологиялық қатынастарда неғұрлым оңай болады. 
Фрезаның типтік траекториялары. Фрезерлік өңдеу кезінде 
траекторияны қалыптастырудың екі негізгі әдісі бар: ирек және 
спираль.
Ирек әдісі өңдеу құралының параллель жолдар бойымен бір 
жолдан аймақ шегі бойымен екінші жолға өту арқылы қарама-қарсы 
бағытта қозғалыс жасайтынымен сипатталады. Бұл әдістің 
фрезерлеудегі ауыспалы сипатына қарай белгілі кемшіліктері болса 
да қазіргі уақытта кең таралған. Егер құрал бір жол бойымен бер 
бағытында істесе, ал келесі жолда қарама-қарсы беру бағытында 
жұмыс жасайтын болады. Осындай сурет бір жолдан келесі жолға 
шек бойымен өткен кезде де байқалады. Мұның бәрі кесу күшін 
өзгертуге әкеледі және бетінің дәлдігі мен сапасына теріс әсер 
береді. (Сонымен бірге, фрезерлеу тереңдігін анықтайтын көрші 
жолдардың арасы құрал диаметрінен болмашы көрінген 
жағдайларда, кесу күшінің өзгеруі көп болмайтынын ескеру қажет). 
Ирек сұлбаның келесі кемшілігі – құрал траекториясында 
сынықтардың көп болуы. Бұл да кесу динамикасына теріс әсер етеді 
және көп жағдайларда бағдарламалық басқаруы бар белдіктің беру 
жетектерінің динамикасы себепші болатын, екпіндете тежеу 
операцияларын орындау қажеттілігіне байланысты өңдеу уақытын 
көбейтеді.
Ирек сұлба шекараларды өңдеу тәртібіне байланысты бірнеше 
түрлерге бөлінеді: шекараларды айналусыз (5.17, а-сурет); аймақты 
өңдеу соңында шекара бойымен өту 5.17, б-сурет); шекара бойымен 
алдын ала өту (5.17, в-сурет).
Шекараларды алдын ала кесу құралды осы өткелді орындау 
кезінде кесу симметриясын қамтамасыз етеді, сондай-ақ әр жолдың 
басында және соңында келесі өңдеуге арналған құралдың жұмыс 
жағдайын жеңілдетеді. Алайда, беріктік шарты нашарлайды, 
өйткені құрал кесу жолының учаскесінде толық тереңдікте жұмыс 
істейді. Кейінгі бөлшектеу жұмыс жағдайын оңайлатады, бірақ 
өңдеудің динамикасын нашарлатады, себебі құрал ауыспалы кесу 
тереңдігімен жұмыс істейді. Сол себепті «ирек» сұлбасын (5.17, б-
сурет) қолдану кезінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет