Ойықтар, терезелер және саңылауларды негізінен қатты
қорытпалы пластиналары бар кейінгі кескіштермен өңдейді.
Ойықтың ені бойынша өңдеудің дәлдігін арттыру және
саймандардың номенклатурасын азайту үшін жонғылау кескіштің
диаметрі сәл кішігірім ойықпен алынады.
Өңдеу бірізділікпен
жүзеге асырылады: біріншіден, ойықтың ортаңғы бөлігі кесіледі,
содан кейін екі жағынан кескіштің радиусы үшін түзету енгізіп, ені
бар ойықтың жоғары дәлдігін алу мүмкіндігі бар. Циклдың соңында
түзету тоқтатылады.
Беріктілікті көтеру, саңылаусыз
ойықтарды өңдеу кезінде
жоңқаларды бұру талаптарын арттыру үшін, шиыршығының еңкею
бұрышы көбейтілген және жылтырлатылған жырашықтарды
пайдаланады. Осьтік беріліммен керекесуді жеңілдету үшін,
дөңгектік тістері ерекше қайралған кескіштерді пайдаланады.
Жоғарытылған қатаңдыққа коникалық үлгідегі өзегі күшейтілген
және жырақшықтарының ауыспалы тереңдігі бар кескіштерді
пайдаланады.
Дайындау
конфигурациясымен
ерекшеленетін
кескіштің ұшып өтуі көбейтілген жағдайда, күшейткіш конусы бар
кескіштерді пайдаланады. Дірілдің
азаюына олардың арасындағы
әртүрлі қашықтыққа сәйкес үш және төрт тістері бар кескіштер ғана
жете алады (әртүрлі адымдағы кескіштер).
Айналма фрезерлеу – фрезерлік КМ және СББ қоса КМ пайда
болуымен мүмкін болған операция.
Корпустық бөлшектердегі
саңылаулар үнемі қашау арқылы өңделетін. СББ бар білдектерінде
олардың фрезерлермен өңделуге мүмкіндігі бар. Ол үшін фрезаға
айналма беруді қамтамасыз етеді. Егер фрезерлеу уақытын £ф, ал
қашау уақытын t
F
деп
белгілесе, егер
t^,/^ < 1 ара салмағы
орындалса, айналма фрезерлеудің өнімділігі қашау өнімділігінен
биік болады.
Фрезерлік операцияларға технологиялық процесті құру бойынша
деректер сараптамасы көрсеткендей, қазіргі талаптарда бұл процесс
қолдануға қажет болған жағдайда артықшылық барлық жағдайда
айналма фрезерлеуге беріліп отыр.
Шектеу тек қана саңылаудың
тереңдігі (ол қарапайым кейінгі кескіштердің ұзындығымен ғана
шектелген және 60...80 мм құрайды), оның диаметрі мен өңдеу
дәлдігі болып табылады.
Айналма фрезерлеу құйылмалы
дайындамаларды алдын ала
өңдеу үшін пайдаланатынын ерекше атап өту тиіс (қаралтым әдіпті
шешу үшін).
Достарыңызбен бөлісу: