Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет6/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   316
7
 


00
Білдектің 
айналдырғысынан
д
айындамаға айналмалы сәтін 
жеткізу 2 жетегі мен 3 қамытының көмегімен іске асырылады. 
Жылжымалы люнеттің жұдырықтары дайындаманың осыған дейін 
өңделген (тегістелген) А бетімен орналастырылады, ал люнеттің 
корпусын білдектің суппортының белгіленген жеріне қозғалыссыз 
орнатады немесе люнет қозғалып тұрып, әдібін түсіру кезінде 
кескіштің алдына келеді. 
Сыртқы бетттерді қаралтым өңдеуді кәдімгі және көпкескішті 
жону (өндіріс түріне қарай) білдектерінде орындайды. 
Машина уақытын азайту үшін келесі үш негізгі технологиялық 
тәсілді пайдалануға болады: 
■ 
өңдеу ұзындығын бөлу
;
■ 
ең жоғарғы сатының ұзындығын бөлу
;
■ 
әдіп көлемін бөлу
.
Үш сатылы біліктің сыртқы бетін әмбебап жону білдегінде 
өңдеу кезінде (1.3-сурет, а) жұмыс қадамының есептік ұзындығы 
осы сатылардың ұзындықтарының қосындысын құрады (1' +1" + 
1"'), оған кескішті ойып орнату және 
асқынөтуі үшін қажет 
ұзындықты қосу қажет.
Технологиялық жабдықпен тиісінші қамтылған көпкескішті 
жону білдегінде
(көпкескішті ұстағыш және бірнеше кескіштер), 
______________________________________________ 
8
 
1.3-сурет. Сатылы біліктің сыртқы бетін жөңдеу схемасы
:
а - әмбебап жону білдегінде; б - 
көпкескішті жону білдегінде
в - 
бірнеше жұмыс қадамымен; г - бірнеше кескішті пайдаланып


осы жұмысты жұмыс қадамының ұзындығын 3 есе азайтып 
жүргізуге болады, бұл жерде әрбір кескіш тек өзінің сатысын ғана 
өңдейтін болады (1.3, б сурет). Бұл негізгі өңдеу уақытын үш есе 
азайтуға мүмкіндік береді. Өңдеу ұзындығы көбірек бөлікке 
бөлінген болса (жұмыс барысында бір уақытта пайдаланылатын 
кескіштер санына байланысты), сонша уақытқа негізгі уақыт 
қысқарады. Негізгі уақыттың қысқаруымен қатар, бұл өңдеу әдіс 
қосалқы тәсілдердің уақытының қысқаруына мүмкіндік береді, 
себебі біліктің әрбір сатысын өңдеу кезінде кескішті икемдеуге 
(кескіштер 
білдектің көпкескішті ұстағышында жонылатын 
сатылардың цилиндрлік беттерінің радиустарының айырмасымен 
анықталған өзгерумен орналастырылады) қажеттілік болмайды. 
Сатылы біліктің дайындамасын сыртқы бетімен үлкен әдіппен 
кескіштің беріктігі мен әмбебап жону білдегінің күштілігімен 
анықталатын жағдайлар бойынша бірнеше жұмыс қадамдары 
арқылы (1.3, в суретте көрсетілген жағдайда t
1
, t
2
және t
3 
кесу 
тереңдіктерімен үш жұмыс қадам арқылы) өңдеуге болады. 
Сол білдекте бірнеше кескіштерді пайдалана отырып өңдеу 
кезінде жұмыс қадамдарының санын бірге дейін азайтуға болады. 
Мысалы, үш кескішті орналастырғанда (1.3, г сурет) барлық әдіпті 
бір жұмыс қадамымен, ұзындығын шамалы ғана (l + a) ұзарту 
арқылы шешуге мүмкіндік береді.
Кескішке барынша жүктеу кезінде бір өтіп әдібін шешу 
жағдайларында әдіпті бөлу әдісін пайдалану жұмыс істеп тұрған 
кескіштердің әрқайсысының жеңілдетуге, кесу режимдерін қайта 
қарауға және машина уақытын азайтуға мүмкіндік береді.
Айналудың сыртқы беттерін өңдеуде ең көп үлес салмағын 
револьверлi жону тобындағы білдектерде өңдеу алады, олар 
машина жасау кәсіпорнының жалпы білдектер паркінің 
25...50% 
құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет