Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет80/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   316
105
 


1.69-сурет. Тістерді ілеспе (а) және қарама-қарсы (б) жону 
схемалары 
__________________________________________________________ 
Тіс жону уақытының айтарлықтай бөлігі кіргізуге, әсересе 
диаметрі үлкен бұралым жонғыштарын қолданған кезде кетеді
сондықтан жонғыш диаметрі ұлғайған сайын оны кіргізу ұзындығы 
да өседі. Тура тісті орта модульді дөңгелектер үшін кіру уақыты 
тісті жонудың машиналық уақытының 30... 40% құрайды. 
Кіргізу үзікті үрдіс болып табылады, сондықтан остік кіргізу 
барысында әдетте кесу кезінде кезеңді бойлық берумен 
салыстырғанда беруді біраз азайтады. Келесі бойлық беруді сақтай 
отырып, ІІ осьтік кіргізуді (1.70-сур.) радиалды І ауыстыру арқылы 
кіргізу қиындығын шамамен 30% -ға азайтуға болады. Бұл жағдайда 
өңдеу үрдісінің барлығында білдек мен аспап тегісірек кіреді.
Бұралым жонғыштарымен цилиндрлі дөңгелектердің түзу 
тістерін де, қисық тістерін де кеседі. Соңғы жағдайда, жонғыш осін 
жонғыштың бұрандалы жібінің және кесілетін дөңгелектің 
бұрандалы жібін (тіс иілісінің бұрыштарына) жонғыш пен 
дөңгелектің бұранда линияларының бағыттар әртүрлі болғанда) 
көтеру бұрыштарының сомасына тең бұрышқа орнатады немесе 
Егер жонғыштың бұранда сызықтарының бағыты бірдей болса
оны осы бұрыштардың айырмасына орнатады.
__________________________________________________________ 
106
 
1.70-сур. Жонғышты радиалды I және 
осьтік II кіргізу схемасы


1.71-сур. Тістерді тісті қашау білдегінде кесу 
схемасы 
_______________________________________
Ең көп тараған тіс өңдейтін білдек түзу 
және қисық тістері бар дөңгелектерді кесуге 
арналған тістерді жону білдегі, сондай-ақ 
бұралым 
дөңгелектерін 
бұралыммен 
жүргізіп кесу әдісі болып табылады. Білдек 
үш 
қозғалысты 
орындайды: 
бұралым 
жонғышын айналдыру, жонғышты тігінен 
беру, дайындаманы айналдыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет